Басты бет Айтыскер ақындар ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы

ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы

 585 1

Аманжол                    ӘЛТАЙ  Аманжол Дүйсенбайұлы

          Филология ғылымдарының докторы, профессор.

     1971 жылы 31 тамызда Жезқазған облысы (қазіргі Қарағанды облысы) Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Филология факультетін бітірген. 1993-2000 жылдар арасында осы университетте аға оқытушы, 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында еңбек етіп келеді. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 70 ке тарта мақаланың, 2 монографияның,1 оқу құралының авторы.

       Қарағанды қаласында өткен «Арқа арулары мен сал серілері» сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған айтыстың (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы. Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі айтыста (1990), Оңтүстік Қазақстан облысында болған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған айтыста (1991), Қарағанды облысында ұйымдастырылған Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойына арналған айтыста (1992), Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында (1993), Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 ж. ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық мерейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.
       Айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан өнерпаздардың бірі. 1988 жылдан бастап айтыс сахнасында өнер көрсетіп келеді. Бірнеше Республикалық, Халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Франция, Түркия, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Айтыс өнеріне қосқан үлесі үшін Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері (1998). «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» (2005). Жазба өлеңдері мен айтыстары кітап болып жарық көрген.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ МЕН КӘРИМА ОРАЛОВАНЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 ж. (БЕЙНЕ)

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ МЕН КҮМІС СӘРСЕНБАЕВАНЫҢ АЙТЫСЫ. 2005 ж. (БЕЙНЕ)

Пікірлер(1)

  1. Аманжолдың 2006 жылы Алматыда Ауезов атындағы сарайда өткен Сарамен айтысының видеосы барма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *