Басты бет Негізгі бет Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші

Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші

 890 0

Бекжан

Октябряттар орнына –
Ақпақұлақтар келді ғой.
Пионерлер орнына –
Зиян ерлер келді ғой.
Комсомолдар орнына –
Нансоғарлар келді ғой.
Коммунистер орнына –
Коррупистер келді ғой.

Бекзаттық қашты болмыстан,
Басталды неден бар былық?
«Мерседесіңе» мініп ап,
Жүрсің бе, шендім, паң күліп?
Сауатты көке, нең үлгі,
Саудалап біттің жерімді:
Басбармақпен қол қойып,
Бабалар кеткен заңды ғып!

Алланың атын аз көрме
Басқарып тұрған «пультпенен».
Құндылықтарын өлтірсе,
Ұмытылады ұлт деген.
Мырқымбайларға айтыңдар,
Қыртымбайларға айтыңдар,–
Елінен жеген арам ас,
Жерінен шығар күтпеген!..

Тәрбие кетті елімнен
Етегін жаппас шибұттың.
Кеңсайға тұрып кезекке,
Ақсайдан тәуір үй күттім.
Дорбаңның түбін қағатын,
Докторлық қорғап алатын,
Безендірілуі мықты ғой
Беделі азған биліктің.

Заңдар шығып жатыр ғой
«Тілек айту» түрінде.
Белесәбеттен құлаудай
Беделден құлау бұ күнде.
Бастықтарды кекірген,
Мінбелерден лепірген,
Бұрышқа ғана тұрғызып,
Жазалаймыз-ау түбінде.

Адамзаттың ытқиды
Эшелоны асқақтап.
Будақтатып түтінін,
Бекеттерде аз тоқтап.
Тексеретін билетті,
Идеологтан сый кетті:
Купесінде қазақтың
«Қояндар» жүр қашқақтап.

Акедемиялық білімді
Әкеден алу – әділ жол.
Қазақша біткен қарын да,
Қанағатымен қадірлі ол.
Азаттығыңның жолында,
Қазақ тілінің жолында,
«Аспанкөздермен» атысқан
Дудаевтардай дәділ бол!

Қазақ айтысының қайталанбас тұлғасы Бекжан Әшірбаев шығармашылық кеш береді. Кешке көптеген өнер жұлдыздары қатысады. Қапы қалмаңыздар!

Бекжан

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *