Басты бет Айтыскер ақындар ӘЛІМЖАНОВ Баянғали

ӘЛІМЖАНОВ Баянғали

 544 0

БаянгалиБаянғали ӘЛІМЖАНОВ

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы 1954 жылы 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау) Степняк қаласында туған. 
ҚазМУ –дың филология факультетін бітірген (1977 ж.). С. Мұқановтың мұражайында, «Лелиншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы», газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Шахмет Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында еңбек еткен. 

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы 1954 жылы 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау) Степняк қаласында туған.
ҚазМУ –дың филология факультетін бітірген (1977 ж.). С. Мұқановтың мұражайында, «Лелиншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы», газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Шахмет Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында еңбек еткен.
1984 жылдан бері 215 рет айтысқан, республикалық, облыстық деңгейде өткен айтулы тойлардың бәрінде дерлік өнер көрсетіп, 22 рет бас жүлде алған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың 300, Шұбартпалы Ағыбайдың 190 және 200, ақын Сараның 115, М. Жұмабаевтың 100 және 110, І. Омаровтың 80, Көтібар Бәсенұлының 240, Есет Көтібарұлының 190, Тама Есет батырдың 325 жылдығына арналған айтыстардың, Сырым батырдың 250 жылдығына орай Ташкентте өткізілген Қазақстан – Өзбекстан, «Манас» жырының 1000 жылдығына орай Бішкекте өткізілген Қазақстан – Қырғызстан ақындары айтысының, Семей полигонының жабылуына арналған «Невада-Семей» қозғалысы аясында өткен Халықаралық акция айтысының жеңімпазы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қиқысаттың хикаялары» (1982), «Ұя» (1985), «Жынды Қаратайдың қасіреті» (2000), «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Алаш пен Манас», «Әзіл шуағы» (2004), «Құдалық», «Қожанасыр», «Қайран, кемпір-шалдар-ай!», «Еркегі бар болғыр», «Жолбарыс пен пони», «Алтын ноқта», «Қазақы сайлау», «Жас қазақ», «Қазаннан келген қызғалдақ», пьесаларының авторы. «Жыраулар», «Асылдың сынығы», «Палуан» деректі фильмдерінің сценариін жазған.
Қырғызстан Мәдениет министрлігі мен Композиторлар одағы тағайындаған Абдылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1995), «Манас», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Тәуке», «Арқалық батыр», «Батыр Баян», «Жанақ пен Рүстем төре», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Бақтыбай мен Тезек төре», «Әсет пен Кемпірбай», т.б. қазақтың ескіжыр, айтыстарын көп жылдардан бері ел ішінде жырлап келеді. Қызылорда қаласында өткен Республикалық «Ғасырлар үні» атты жыраулар конкурсының үшінші (2001), екінші жүлдегері (2003).
Б. Әлімжанов журналистика, әдеби сын, әдеби зерттеу (шешендік өнер), саласында да жемісті еңбек еткен. Мақалалары 1973-1990 жылдары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жиі жарияланып, «Уақыт және қаламгер» сияқты жинақтарда жарық көрген. Республикалық теледидардан «Халық қазынасы», «Бес ғасыр жырлайды» атты белгілі хабарлар циклін жүргізіп, қазақтың жыраулық өнерін насихаттауға көп үлес қосқан. 2000 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *