Басты бет Айтыскер ақындар ӘУБӘКІРТЕГІ Қарлығаш Әділханқызы

ӘУБӘКІРТЕГІ Қарлығаш Әділханқызы

 647 0

карлыгашӘУБӘКІРТЕГІ Қарлығаш Әділханқызы

1986 жылы 21 шілдеде ШҚО Жарма ауданы Көшек ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиясын үздік тамамдаған (2003). Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің филология мамандығы бойынша түлегі. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология мамандығы бойынша магистратурасын үздік бітірген (2011). . Қазіргі таңда Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология мамандығы бойынша PhD-докторантурасына оқуға түсіп, сол жерде білім алуда.
Әр түрлі жарыстарға, олимпиадаларға, ән-терме сайыстарына оқушы кезінен қатысып,көзге түседі. Ең алғаш 8-сыныпта оқып жүрген кезінде қалалық оқушылар айтысына қатысып ІІ-орын, сонан соң облыстық оқушылардың ақындар айтысына қатысып ІІ-орын иеленеді. Айтыста ерекше сөзсаптасымен көзге түскен ол аймақтық, облыстық және республикалық айтыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленеді. Бірнеше республикалық ақындар айтысында көптеген жүлделі орындарды еншіледі.
«Қазақ хандығының құрылғанына 550 — жыл» (2006) , «Өнер адамы» атты Жүрсіннің жүлдесі айтысында, «Алматықұрылыстың» 50 — жылдығына арналған айтыста, Қызылорда облысы Шиелі ауданында өткен айтыста (2011), т.б көптеген республикалық айтыстарда бас бәйгені қанжығасына байлады. Жазба ақындар мүшайрасына да қатысып дипломант болды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *