Басты бет Айтыстар Видео ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІ (видео)

ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІ (видео)

 886 0

«Алматыда әжептәуір журналда жүрген кезімде ешкім мені адам тұрмақ айуанның да қатарына қосқан жоқ. Сонда да болса «май қаңбақта ағалардың аты жуcап жатыр» деп ағаларды алыстан арқа тұтып жүре бердім… Үкімет үйінің артындағы қалың шыршаның түбінде түнеп шығып, таңертең қызметке келіп жүрдім. Бірақ мен көкелердің көмегімен емес кейінірек ақындар айтысының арқасында танымал болдым, ел қатарына қосылдым. Енді маған не қыл дейсіздер? Мен сөйтіп амалдап, айтысқа кетпегенде баяғыда өліп қалар едім ғой. Өлең жазу керек екен деп «бомж» болып кету керек пе еді? Жоқ, ондай жанпидалыққа мен бара алмадым. Өзімді қойшы, өзім дүниеге әкелген бала-шағамды бағу керек еді. Ауылға қайтып келсем отбасымның еңсесі түсіп кетіпті. Дереу «малтабар» ақын болып шыға келдім. Той басқардым, келіннің бетін аштым, жарапазан айттым, сыйлы кісі елге келсе алдынан шығып өлең айтып сұңқылдадым. Қысқасы мал табудың қамына көштім.Ара-тұра өлең менің түсіме кіріп жүрді. Бірдемелерді күбірлеп оянатын болдым. Мұқағали дұрыс айтады екен, кейде біреу құлағыңа сыбырлайды екен. Бірақ, тіршіліктің тауқыметімен жүргенде құдайдың құлағыма сыбырлағанын да елемейтін, естігісі келмейтін кездерім болды»

 

Есенқұл Жақыпбеков, ақын

http://kazakh-tv.kz/

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *