Басты бет Негізгі бет Айтыскер ақын Мұхаметжан Қонаевтың туған күнінде арнау айтқан видеоны жарияларды

Айтыскер ақын Мұхаметжан Қонаевтың туған күнінде арнау айтқан видеоны жарияларды

 2 665 0

Айтыскер ақын М.Тазабеков фейзбук парақшасында 25 жыл бұрын Қонаевтың туған күнінде арнау айтқан видеосын жариялады. 

арарый

Ақын бұл тарихи оқиға жайлы былай дейді: «Осыдан 25 жыл бұрын, 12 қаңтар күні, Дінмұxамед атамның дастарxанында қонақ болып, қазақ зиялыларының алдында қоңыр домбыраммен 3 мәрте шығып арнау айтқаным әлі есімде. «Давай, Мұқа», деп қанаттандырып басталған Димаш атамның демеу сөзі, кеш соңына орай ақжарылқаған тілекке, ақ жүректен шыққан батаға ұласқан еді. Мен секілді мектеп қабырғасындағы бала үшін де, өмірдегі ең үлкен мектептің дәрісі осылай басталған еді. Меккеге екі рет барып, қажылық атқарған Жұмабай ақсақалдың немересі, арабша, парсышаға жетік болған, зиялы Аxмет қарияның ұлы, қазақ xалқының сүйікті перзенті- Дінмұxамед атама Алланың раxметі жаусын! Жаны жаннатта болып, артындағы жанашыр жұрты өркендеп, өсе берсін! Атаммен тариxи жүздесуіме себеп болған, жақында ғана дүниеден өткен Берден көкемнің де Алла алдынан жарылқасын!»

WWW.AITYSKER.ORG

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *