Басты бет Айтыскер ақындар БЕЙСЕНХАНҚЫЗЫ Айсәуле

БЕЙСЕНХАНҚЫЗЫ Айсәуле

 516 1

Айсауле БЕЙСЕНХАНҚЫЗЫ Айсәуле 1988 жылы 8 тамызда ҚХР Буратал өңірінде өмірге келген. 2005 жылы тарихи отаны Қазақстанға табан тіреді. Алматы қаласындағы Қаз-ҰУ-ның журналистика факултетін үздік тамамдап, содан бері Қазақ радиосында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарып келеді. Студент кезінен бастап жастар арасындағы ақындар айтысына қатысып озық ой, нәзік үнімен көрермендерді өзіне тәнті етті. Республикалық деңгейде өткен үлкен жыр додаларына қатысып, ОҚО Шымкент қаласында өткен айтысында І-орын (2006), Айтбай Белгібаевтің 120-жылдығына арналған айтыста Бас жүлде, ШҚО Семей қаласында өткен Республикалық жыр бәйгесінде ІІІ-орын. Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» атты ақындар айтысында І-орын, әрі Сара Тастанбекқыз атындағы құрмет орденіне ие болды (2011). Астана қаласының 15-жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында ІІ-орынды қанжығалады (2013). «Көңіл сілемдері» атты жыр жинағының авторы.

Пікірлер(1)

  1. سالەم ايساۇلە اپەكە ! مەن قىتايداعى بۇراتالا قالاسىنانمىن. مەن كىشكەنتايمنان ايتىسقا ەرەكشە قىزىعامىن، قازاق ەلىنە وقۇعا اتتاناردا ءبىزدىڭ ۇيگە كەلىپ ەدىڭىز ،ۇمىتپاعان بولساڭىز شەشەمدى تانيسىز (شەشەمدە اقىن كىسى) . ءسىزدى كورگەننەن كەيىن اقىن بولۋىما ارمان تۋدى،ءارى ۇمتىلماس ەلەس بولدى.مەن ءسزدىڭ جانە قازاق ەلىندەگى ايتىستاردى ۇزبەي كورەمىن …. تانىمال اقىنداردان50 ىن بىلەدى ەكەنمىن.ۇيتكنى ايتىسقا قازاق ەلىمە سۇيسپەنشىلىگىم تىلمەن جەتكىسىز……

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *