Басты бет Айтыскер ақындар БЕРДАЛИН Арман Тілектесұлы

БЕРДАЛИН Арман Тілектесұлы

 757 0

А. Берда                                               БЕРДАЛИН Арман Тілектесұлы

         1983 жылы 10 желтоқсанында СҚО Ақжар ауданы (бұрынғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы) Айсары ауылында дүниеге келген. Көкшетау университетінің түлегі. Аймақтық «Бұқпа!» газетінің корреспонденті (2001), республикалық «Алаш үні» газетінің корреспонденті (2002), «Көкшетау» МС көркемдік жетекшісі (2006), «Көкше» Мәдениет үйінің директоры (2007 ) болып қызметтер атқарған. 2010 жылдан М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбабап ғылыми кітапханасының директоры.

         Бірнеше Республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Текті сөздің төресі — терме» атты Республикалық терме жарысында Бас жүлдені жеңіп алды (2013).  «Айсары» (2004), «Қазақ пен арақ» (2008), «Жүрші, әке, намазға жығылайық» (2013) атты жыр жинақтары жарық көрген. Оннан астам антологияларда жырлары жарық көрген.
         «Арманның айтыстары» атты DVD дискісі (2006), «Қазақ пен арақ» атты деректі фильмі (2008) жарық көрген.
   Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен наградталған (2011).

АРМАН БЕРДАЛИН МЕН БАЛҒЫНБЕК ИМАШТЫҢ АЙТЫСЫ. 2004 Ж. (БЕЙНЕ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *