Басты бет Айтыскер ақындар БЕРДІҒАЛИЕВ Қатимолла Жәңгірұлы

БЕРДІҒАЛИЕВ Қатимолла Жәңгірұлы

 935 2

ҚатимоллаБЕРДІҒАЛИЕВ Қатимолла Жәңгірұлы


ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
1952 жылы Орал облысы Казталов ауданы, Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепте білім алған. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген.
1977 жылдан Казталов аудандық мәдениет үйінде қызмет еткен. Айтыскер ақындығымен қоса қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ. Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т. б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндерін ел арасына кеңінен таратқан өнер иесі.
Бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты. 1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына қатысып, үлкен ақындық өнер танытты.
Алматы қаласындағы Наурыз айтысында (1989) І орын, сол жылы қазан айында Алматыдағы ақындар айтысында ІІ орын, Алматы қаласындағы Наурыз айтысында (1990) ІІ орын, Ақтөбе қаласында өткен ақындар айтысында (1991) І орын, Қаратөбе ауданы Мұхит совхозында өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдық мерейтойындағы ақындар айтысында (1991) І орын, Тама Есет Батырдың мерейтойындағы айтыста (1992) бас жүлде, сол жылдың қазан айында Қызылорда облысының, Қазалы ауданында өткен ақындар айтысында І орын, Оралда өткен Сырым Датовтың 250 жылдық тойында (1992) І орын, Көкшетау қаласында Ақан Серінің 150 жылдық мерейтойындағы ақындар айтысында (1993) бас жүлде, сол жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батырдың тойында тағы да бас жүлде, Торғай облысында Шақшақ Жәнібектің мерейтойында (1993) бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері «Орал өңірі», республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланған.
«Жүзден жүйрік шыққандар» атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты.
Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерейтойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *