Басты бет Айтыскер ақындар БЕРКЕНОВА Әсия Әйіпқызы

БЕРКЕНОВА Әсия Әйіпқызы

 653 0

АсияБЕРКЕНОВА Әсия Әйіпқызы


Қазақстанның халық ақыны
1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сұлукөл аулында дүниеге келген.
Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі. Айтысқа өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан қатысып келеді. 1982-1983 жылдарда Қостанай облыстық ақындар айтысында, Алматыда 1984 жылы өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орнын жеңіп алған. Бұдан кейінгі жылдарда талай мәрте республикалық айтыстардың жеңімпазы болды. Абылай ханның 280 жылдығы, әнші Мұхиттың 150 жылдығы, Қажымұқан палуанның 120 жылдығы, Шақшақұлы Жәнібек батырдың 300 жылдығы тойларында оның айтыстағы дара таланты жарқырай көрінді, «Жарасым» атты қыз-жігіттер айтысында Сара атындағы жүлденің иегері атанды. 1998 жылы А.Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған айтыста және 1999 жылы Астана қаласында өткен «Жыр арқауы Астана» атты сайыста бас жүлдеге ие болды. Айтысқа сіңірген еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның Халық ақыны» атағын алған.
Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындарының арасында өткен халықаралық айтыстың жүлдегері Әсия – Қостанай өңірінде Омар Шипиннен кейін Халық ақыны атағын алған дүлдүл ақын.
Бүгіндері Әсия Әйіпқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі «Өнер» студиясына жетекшілік етеді. Жастарды ұлттық өнерді сүйіп, меңгеруге баулумен айналысуда. Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектепте «Жас ақын» сыныбын ашып, жас талаптарды сөз өнеріне тәрбиелеп келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *