Басты бет Мақалалар Петропавлдағы республикалық айтыстың жеңімпаздары марапатталды
Петропавлдағы республикалық айтыстың жеңімпаздары марапатталды

Петропавлдағы республикалық айтыстың жеңімпаздары марапатталды

 1 836 0

01e68edbe92709c7e1af9bfc14d07f77_resize_w_520_h_Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлы жазушысы, әлеуметтік еңбек ері Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Бас жүлде Павлодардан келген суырып салма ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Айта кетсек, республикалық ақындар айтысы Петропавлда соңғы 15 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Сөз додасына Қазақстанның 9 облысынан суырып-салма ақындар қатысты.

010a35484b129bc0082efc1c5d33ac64

Сайыстың бас жүлдесі – Гран-при мен 600 мың теңгені түрлі халықаралық ақындар сайысының жүлдегері Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды.

1 орын мен 400 мың теңгені қарағандылық суырып салма ақын Мақсат Ақанов иеленді.

77b57a5cf3750095cd582b884f4668db

2 орын мен 300 мың теңге солтүстікқазақстандық Мұхамед Қоңқаевқа бұйырды. Ал жүлделі 3 орын мен 200 мың теңге Қарағанды облысының тағы бір өкілі – Дидар Қамиевке берілді.

Тұрсынбек Кәкішев атындағы «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры қызылордалық ақын Мөлдір Айтбайға арнайы сыйлық пен 300 мың теңге табыстады.

Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Өмірбаевқа Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен 200 мың теңге мен арнайы сыйлық табысталды.

Мақала мен суреттер Baq.kz сайтынан алынды

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *