Басты бет Негізгі бет Жақында Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді.
Жақында Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді.

Жақында Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді.

 2 311 0

Жақында Алматы қаласында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  белгілі айтыскер ақын Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді.  Кешті Алматы қаласы әкімшілігі, «Алатау» дәстүрлі өнер театры және Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықарлық Одағы ұйымдастыруда. 

Ақынның кешіне аузымен құс тістеген Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы, Рүстем Қайыртай, Болатбек Оразбаев, Қалижан Білдәшев, Шұғайып Сезімхан, Хазірет Бердіхан т.б ақындар мен қатар Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар мен Бейбіт, Алтынай Жорабаева, Еркін Шүкіман т.б өнер майталмандары қатысады. 

Өтетін орыны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры  

Уақыты: 27 сәуір, сағ:19:00

Серік Қалиев Халықаралық, Республикалық айтыстардың жүлдегері. Бес жылдан бері Астана күніне арналған Республикалық ақындар айтысының ұйымдастырушысы. Топтама өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы», «Алматым жүрегімде», «Алтын бесік – туған жер» т.б. жыр жинақтарына енген. «Көзайым» атты тұңғыш жыр жинағы (2007), «Атамұра» баспасынан «Уақыт керуені» атты екінші өлең кітабы (2012) жарық көрді. Отызға тарта әннің өлеңін жазған. Өзі шығарған ән-термелерін М.Бесбаев, Е. Рысқали,Ғ.Мәтебаевтар орындап жүр. 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП партиясы ұйымдастырған жалпыреспубликалық «Елім деп соққан жүрегім» байқауында «Алаш арыстары» атты әні «Ең үздік авторлық ән» номинациясы бойынша бірінші орын иеленді. 2012 жылы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған « Текті сөздің төресі – терме » атты республикалық байқауда ІІІ орын алған. 2010 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.

А2

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *