Басты бет Негізгі бет Астанада студенттер айтысы өтті
Астанада студенттер айтысы өтті

Астанада студенттер айтысы өтті

 1 466 1

Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде жүріп жатқан «Астана көктемі» мерекелік онкүндігінің аясында Республикалық студент ақындар айтысы өтті.

18057895_1299056640179274_996140332482351431_n

Айтысқа еліміздің Жоғары оқу орындарында оқитын ең таңдаулы жас айтыскерлер қатысты. «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман (төраға), белгілі айтыс ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай, белгілі айтыс ақыны Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Қалқаман Сарин, кәсіпкер Оралбек Ботбай қазылық еткен ұлттық өнер додасы көрермен көпшіліктің ықыласына бөленді.

18119007_1299056633512608_6238488338142870989_n

 Айтысты ұйымдастырып, жүргізген айтыскер ақын, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Серікзат Дүйсенғазы. Ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірген Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті (директоры Әлібек Мәдібеков, бөлім бастықтары Рүстем Әлқожа, Жамбыл Тілепов).

18157316_1299057020179236_658821204163735255_n

 Айтысқа Бас ақпараттық демеуші болған «Қазақ радиосына» (Бас директоры Мәди Манатбек),
Ақпараттық қолдау көрсеткен «Қазақстан» ұлттық арнасы «Жаңалықтар» қызметіне (директоры Ерлан Атамбай), «Бақ.кз» ақпараттық порталына (жауапты редакторы Ұларбек Дәлей), «Асыл арна» телеарнасына (Бас директоры Мұxамеджан Тазабек), «Айтыскер.орг» порталына (редакторы Шұғайып Сезімxан), ЕҰУ-дың «Еуразия-ақпарат» орталығына (директоры Кенже Жұмағұлов) алғыс білдіреміз!

Айтыстың қорытындысы төмендегідей болды:
Бас жүлде:
Әлиxан Жақсылық (Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенті, Ақтөбе қаласы) — 100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом және арнайы кубок. (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер мен магистранттардың «Сенім» кәсіподағы, төрағасы Әлібек Мәдібеков)

Бірінші орын:
Нұрқанат Қайрат (Л.Гумилев ат. ЕҰУ студенті) -70 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай)

Екінші орын (екеу):
Бекжан Ержігіт (Болашақ университетінің студенті, Қызылорда) — 50 мың теңге, диплом.
Данияр Алдабергенов (Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистранты, Астана) — 50 мың теңге, диплом. (Жүлделерді тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай)

Үшінші орын (екеу):
Аруна Керімбек (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом.
Нұрмұxамед Байсүгіров (Тәттімбет ат. Өнер колледжінің студенті, Қарағанды) — 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлделерді тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы, төрағасы Талғат Жанайдаров)

Арнайы жүлделер:
Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлде — Мұxтар Ниязов (Л.Гумилев ат. ЕҰУ магистранты) -100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған «Қазақстан» орталық концерт залының бас директоры Салтанат Ақселеуқызы Сейдімбек)

Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде — Мейірбек Сұлтанxан (Л.Гумилев ат. ЕҰУ магистранты) — 35000 теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің xалықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман)

Мырзатай Серғалиев атындағы арнайы жүлде — Саягүл Бірлесбек (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті, Алматы) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом және ғалымның ғылыми еңбектер жинағы. (Жүлдені тағайындаған Академиктің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Ардақ Бейсенбай бастаған шәкірттері)

Кемел Ақышев атындағы жүлде — Мұxамеджан Мансұр (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом
(Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев)

Алма Қыраубаева атындағы жүлде
— Сұлужан Таубалды (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом
(Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев)

Болатжан Абылқасымов атындағы жүлде — Дәурен Ысқақ (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом
(Жүлдені тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай)

Серікзат Дүйсенғазы

aitysker.org

Пікірлер(1)

Пікір қалдыру Айдос Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *