Басты бет Негізгі бет Ақтөбеде жақында ең танымал жиырма ақын қатысатын дүбірлі дода өтеді
Ақтөбеде жақында ең танымал жиырма ақын қатысатын дүбірлі дода өтеді
0  2 321

Ақтөбеде жақында ең танымал жиырма ақын қатысатын дүбірлі дода өтеді

 2 321 0

Жақында Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Ақтөбем менің, еңселі, жырға қосамын мен  сені» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Дүбірлі доданы «Нұр Отан» партиясы қолдап  Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруда.

Айтысқа ауызымен құс тістеген ең танымал жиырма ақын қатысады. Олар:

Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Төлеген Жаманов, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртай, Қалижан Білдәшев, Аян Сейтов, Әсем Ереже, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Данияр Алдабергенов, Дәурен Ақсақалов, Жәнібек Бейбіт, Әлихан Жақсылық.  

Сөз сайысын:  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

 

ӨТЕТІН ОРНЫ: АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, СТУДЕНТТЕР САРАЙЫ

УАҚЫТЫ: МАМЫРДЫҢ 19-20 КҮНДЕРІ, САҒ: 10:00

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *