Басты бет Негізгі бет Ақтөбе қаласындағы республикалық ақындар айтысы аяқталды. Бас жүлде Төлеген Жамановта
Ақтөбе қаласындағы республикалық ақындар айтысы аяқталды. Бас жүлде Төлеген Жамановта
2  4 451

Ақтөбе қаласындағы республикалық ақындар айтысы аяқталды. Бас жүлде Төлеген Жамановта

 4 451 2

Ақтөбе қаласында екі күнге жалғасқан «Ақтөбем менің, еңселі, жырға қосамын мен  сені» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Бұл  дүбірлі доданы «Нұр Отан» партиясы қолдап  Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Сөз сайысын  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман тізгіндеді. Айтысқа  Ұлттық Ғылым  Академиясының академигі, Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов, «Айқын» газетінің бас  редакторы Нұртөре Жүсіп, белгілі ақын Несіпбек Айтов, көсемсөз шебері Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын Ертай Ашықбаевтар, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазылар қазы болды. 

Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған осы жолғы айтысқа Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Аспанбек Шұғатаев, Нұрмат Мансуров, Мейірбек Сұлтанхан, Төлеген Жаманов, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртай, Қалижан Білдәшев, Аян Сейтов, Әсем Ереже, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Данияр Алдабергенов, Дәурен Ақсақалов, Жәнібек Бейбіт, Әлихан Жақсылық сияқты ауызымен құс тістеген ең танымал жиырма ақын қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бұл айтыста Бас жүлде  2 миллион теңге Төлеген Жамановтың қанжығасына байланды. Бас бәйгені облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзі тапсырды.  Ал, 1-орын  1,5 миллион теңге Ринат Зайытовқа,  2-орын 1 миллион теңге Оралдық ақын Жансая Мусинаға ,  3-орын 500 мың теңге    Дидар Қамиев пен Мақсат Аханов,  Мейірбек Сұлтанханға бұйырды. 

WWW.AITYSKER.ORG

 

 

Пікірлер(2)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *