Басты бет Мақалалар Ақсуатта Халықаралық ақындар айтысы өтеді
Ақсуатта Халықаралық ақындар айтысы өтеді
0  4 564

Ақсуатта Халықаралық ақындар айтысы өтеді

 4 564 0

ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында Халықаралық ақындар айтысы өтеді. Биыл екінші рет өткелі жатқан «Туған жерге туыңды тік!» атты жыр доданың бас демеушісі Тасткеевтер әулеті.

Бұл сөз сайысына: Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мухтар Ниязов, Төлеген Жаманов, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Қалижан Білдәшев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан сияқты танымал он ақынмен қатар Қытай, Моңғолиядан азулы ақындар қатысады.

Айтысты: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Ж.Ерман жүргізеді. 

Өтететін орны: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының орталық алаңы

Уақыты: 2017 жыл, 29 Шілде, сағ: 14:00 

WWW.AITYSKER.ORG

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *