Басты бет Мақалалар Бішкекте өткен халықаралық айтыстың Бас жүлдесі Мұхтар Ниязовтың қанжығасында
Бішкекте өткен халықаралық айтыстың Бас жүлдесі Мұхтар Ниязовтың қанжығасында

Бішкекте өткен халықаралық айтыстың Бас жүлдесі Мұхтар Ниязовтың қанжығасында

 1 155 0

Жақында Қырғызстанда Халықаралық ақындар айтысы өтті. Бұл жолғы жыр додасы қырғыздың əйгілі төкпе ақыны Туғанбай Əбдиевтің  80 жылдығына арналды.

Бішкек қаласында XI-ші рет өткен дəстүрлі  халықаралық айтысқа Қазақстаннан Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Сара Тоқтамысова, Бөрібай Оразымбетов, Анар Жаппарқұлова, Жарқынбек Наушабеков, Нұрлы Құрманов сияқты ақындар қатысты . Сөз сайысына  қазақ ақындарына төрт жүлде, қырғыз ақындарға төрт жүлде яғни қос  бәйге тігілген. 

Айтыс қортындысы бойынша Бас бәйге Мұхтар Ниязов пен Қырғыз ақыны Асылбек Маратовқа бұйырды. 

Бірінші орынды: Рүстем Қайыртай мен Амантай Кутманалиев

Екінші орынды: Сара Тоқтамысова мен Болот Назаров

Үшінші орынды: Айбек Қалиев пен Идирис Айтбаевтар иеленді. 

Еске сала кетейік, Мұхтар Ниязов былтыр да Қырғызстанда «Көшпенділер ойыны»қарсаңында өткен айтыстың Бас жүлдесін қанжығасына байлаған.

www.aitysker.org

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *