Басты бет Айтыскер ақындар БОЛТАНОВА Жібек Қамызбайқызы

БОЛТАНОВА Жібек Қамызбайқызы

 764 0

ЖібекБОЛТАНОВА Жібек Қамызбайқызы
Филология ғылымдарының кандидаты


1974 жылы 25 маусымда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданы, «Қараөзен» орта мектебінің түлегі (1981-1991). М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған (1991- 1996).Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі оқу бөлімін бітірген (2002- 2005). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында Ізденуші-тәлімгер болды (2001- 2002). 2007 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, филология ғылымдарының кандидаты. Ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Р.Н.Нұрғали.
Еңбек жолын Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтының филология кафедрасында оқытушы болып бастаған (1996 -1999). Қазақстан Республикасы Спорт министрлігі спорт комитетінде Кадрлар бөлімінің Бас маманы (1999-2001), «Қазақстан темір жолы» ҰҚ»АҚ Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу бөлімінде Бас маман (2006-2007), «Аударма» баспасында редактор (2007), Редакциялық директор (2008), «Аударма» баспасының директоры (2009-2013) болып қызметтер атқарған.
Алматы қаласында өткен І республикалық әнші, жыршы, термешілер конкурсының лауреаты (1988), Алматы қаласында өткен «Студенттер көктемі» фестивалінің лауреаты (1994), Алматы қаласында өткен Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған халықаралық айтыстың дипломанты (1996), Астана қаласында өткен «Ана тілім ардағым» атты республикалық айтыстың бас жүлдегері (1999), Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған халықаралық айтыстың І орын жүлдегері (2000), Үмбетей жырауға арналған республикалық айтыстың І орын жүлдегері (2001), Павлодар қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыстың І орын жүлдегері (2002), Петропавл қаласында өткен Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына арналған республикалық айтыстың І орын жүлдегері (2003), Жаяу Мұсаға арналған республикалық айтыстың І орын жүлдегері (2005), Ақтау қаласында өткен дәстүрлі «Қашаған» айтысында (2007) Бас жүлде, Қызылорда қаласында өткен Көкен Манаповтың 80 жылдығына арналған республикалық айтыстың Бас жүлдегері (2008). Орал қаласында өткен «Мұхит» айтысының Бас жүлде иегері (2009).
Айтыстары – «Айтыс» екі томдық айтыстар жинағына енген және «Аманжол мен Жібек айтысы» атты аудио диск жарық көрген.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы көркем әдебиет секциясы отырысының 2004 жылғы 16 маусымдағы хаттамасымен бекітілген «Әлем әдебиеті кітапханасы» (қазақ тілінде) сериясы бойынша 100 томдық кітаптардың жарық көруіне;
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының 2009 жылғы 26 маусымдағы хаттамасымен бекітілген «Библиотека Казахской Литературы» (орыс тілінде) сериясы бойынша 100 томдық кітаптардың жарық көруіне;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге де тілдерін дамыту» Республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған шығармалардың жарық көруіне ат салысқан.

 

 

 

 

 

 

БҰЛҒАҚОВ Айтақын Мұхамадиұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *