Басты бет Негізгі бет Атыраудағы айтыстың Бас жүлдесі Шалқарбай Ізбасаровтың қанжығасында
Атыраудағы айтыстың Бас жүлдесі Шалқарбай Ізбасаровтың қанжығасында

Атыраудағы айтыстың Бас жүлдесі Шалқарбай Ізбасаровтың қанжығасында

 2 083 0

Атырау қаласындағы екі күнге жалғасқан «Қайта жаңғырған Қазақстан» атты Халықаралық ақындар айтысы аяқталды.  Екі күнге жалғасқан дүбірлі додаға елімізге танымал аузымен құс тістеген шайырлармен  қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан,  Өзбекстаннан ақындар қатысты. Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман тізгіндеді.

Екі күнге созылған дүбірлі додаға Ринат Зайытов , Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Қалижан Білдәшев, Шалқарбай Ізбасаров, Анар Жаппарқұлова, Тілеген Əділов, Рауан Қайдаров, Бақытжан Қасымов, Саят Əбен, Ғалымбек Мұстафа, Жəнібек Садыров, Серікбол Панабердиев, Абай Жолмағанбетов, Әнуарбек Садықов, Жамиға Дəулет (Қытай), Баян Ахматов (Қырғызстан), Еркебұлан Қолғанатов (Өзбекстан), Сəтжан Клесхан( Моңғолия), Ерлан Аманқожа(Қытай) сияқты ақындар бақ сынады. Айтысқа Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Бауыржан Халиолла, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржан, Қойшығұл Жылқышиев, Несіпбек Айтұлы, Ербол Тілешов, Мереке Құлкенов қатарлы өнер майталмандары қазы болды. 

Қазылар шешімі бойыншы Бас жүлде (2 миллион теңге) Шалқарбай Ізбасаровқа, Бірінші орын (1,5 миллион теңге) Алтайдың ар жағынан келген ақын Жамиға Дәулетқызына, Екінші орын (1 миллион теңге) Еркебұлан Қайназаров пен Жансая Мусинаға, Үшінші орын (750 мың теңге) Абай Жолмағанбетов, Анар Жаппарқұлова және Ерлан Аманқожаға бұйырды. Ринат Зайытов, Жәнібек Садыров, Бақытжан Қасымов, Әнуар Садықов, Серікбол Панабердиев қатарлы бес ақынға арнайы жүлде 400 мың теңге табысталы. Қалған сегіз ақынға ынталандыру  сыйақы 200 мың теңге берді.

Айтыс  Атырау облысының әкімдігінің қаржылай қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы және Айтыс ақындары  мен жыршы-термешілердің Халықарлық Одағының ұйымдастыруымен өтті. 

WWW.AITYSKER.ORG

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *