Басты бет Мақалалар Көкпектіде өткен республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесі Ринат Зайытовтың қанжығасында
Көкпектіде өткен республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесі Ринат Зайытовтың қанжығасында

Көкпектіде өткен республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесі Ринат Зайытовтың қанжығасында

 2 071 0

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында белгілі айтыскер ақын Қалихат Алтынбаевтың 90 жылдығына орай республикалық ақындар айтыс өтті.

Дүбірлі додаға Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Оңғар Қабденов, Марат Ахметов, Аспанбек Шұғатаев, Серік Қуанған, Тоба Өтепбаев, Нұрлыбек Құрманов,  Манарбек Сатыпалды, Жасұлан Мақаев сынды он ақын қатысты.  Сөз сайысын Жүрсін Ерман тізгіндеді. 

Ақындарға Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскер ақындар Серік Қалиев және Аманжол Әлтаев, жазушы  Нұржан Қуантайұлы, ақын Дәмеш Омарова сияқты өнер майталмандары қазы болды.  

Қазылар шешімі бойынша айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі. Бірінші орын Рүстем Қайыртайұлына, Екінші орын Аспанбек Шұғатаевқа, Үшінші орын Серік Қуанғанұлына бұйырды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесін Көкпектілік жас ақын Жасұлан Мақаев алды. 

WWW.AITYSKER.ORG

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *