Басты бет Негізгі бет «Тәуелсіздікке тарту» респубикалық қорытынды айтысы өтеді
«Тәуелсіздікке тарту» респубикалық қорытынды айтысы өтеді

«Тәуелсіздікке тарту» респубикалық қорытынды айтысы өтеді

 2 329 0

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарында «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, алаштың ақиқатын айтып, төл өнеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген азулы, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысын жасайды.

Еліміздегі кіл жүйріктер қатысатын дүбірлі додада ақындарымыздың көрермендерге ұсынары мол болмақ. Сондай-ақ, айтулы айтыскерлерді де бұрынды-соңды болмаған тосын сый күтіп тұр.

          Жыр сайысына Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Мейірбек Сұлтанхан,  Рүстем Қайыртай, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы,  Дидар Қамиев, Қалижан Білдәшев,  Хазірет Бердіхан, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов сияқты жылдың ең үздік ақындары қатысады.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді. 

Айтыстың жеңімпазы Бес миллион теңге жəне «Айтыстың Ақтаңгері» медалімен марапатталады.

Ұйымдастырушы: Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы.

Айтыстың бас бәйгесі бес миллион теңге.

 Уақыты: 2017 жыл, 29-30 желтоқсан, Сағ: 15:00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да)

Билеттер Студенттер сарайының кассасында сатылуда.

Байланыс телефоны:  274  2062,  8778 778  0719

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *