Басты бет Айтыскер ақындар БҰЛҒАҚОВ Айтақын Мұхамадиұлы

БҰЛҒАҚОВ Айтақын Мұхамадиұлы

 1 020 4

Айтеке жана                                     БҰЛҒАҚОВ Айтақын Мұхамадиұлы

            1960 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Осы ауылдың орта мектебін бітірген (1967-1977). Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педоголикалық университетін «Бастауыш сыныптар мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған (1992-1996). Үшарал аулындағы халық театрында (1977-1979), Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі (1979-1982) болып еңбек еткен. Кеңес армиясы қатарында (1982-1984) болған. Одан кейін аудандық мәдениет үйінде домбыра үйірмесінің жетекшісі (1984-1989), Талдықорған облыстық «Қазақ тілі қоғамында» (1990-1993), облыстық тіл басқармасында жетекші маман (1993-1994), облыстық телерадиода редактор (1994-1997), Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда баспа сөз өкілі (2003-2008) қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап тәуелсіз басылым «Алатау» қоғамдық-саяси газетінде бас редактор қызметінде. 

      Республикалық халық театрлар байқауының лауреаты, Қазақтың ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышбаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін, «Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына-130 жыл» медалімен, Монғолия демакратиялық партиясының «Монғолия тәуелсіздігінің құқығын қорғаудағы ісіне қосқан үлесі үшін» орденімен, Монғолия Қазақ Жастар Одағының жоғарғы сыйлығы «Көшбасшы» алтын медалімен марапатталған.  Бірнеше Республикалық, Халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

АЙТАҚЫН БҰЛҒАҚОВ ПЕН НҰРЛАН МҰСАЕВТЫҢ АЙТЫСЫ. 2005 ж. (БЕЙНЕ)

Пікірлер(4)

  1. Айтақын ағама Алла разы болсын!!!
    Шығармашылығына тек толағай табыстар тілеймін. Артынан ерген қос тұяғының қызығын көре берсін.Алла ұзақ ғұмыр берсін!!!

  2. Мен үшін Айтақын ағаға жететін ақын жоқ. Оның отты жырлары, келісті мақамы, шыншыл да әділ ойлары өзін өзге ақындардан ерекшелеп тұрады. Айтақын Бұлғақов біздің Жаркентіміздің мақтанышы!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *