Басты бет Айтыскер ақындар ҒАФУРОВ Аслан Қабылбекұлы

ҒАФУРОВ Аслан Қабылбекұлы

 381 0

Аслан

ҒАФУРОВ Аслан Қабылбекұлы

1979 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай батыр ауылында дүниеге келген.Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия мектеп-интернатының түлегі. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын облыстық ақындар мектебінің маманы ретінде бастап, жетекші болып еңбек еткен (2004-2008). Облыстық халық шығармашылығы орталығынының мәдени шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (2008-2009), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің жастар саясаты және мәдени демалыс орталығы директорының орынбасары (2009-2011), Глубокое аудандық мәдениет бөлімінің директоры (2011-2013) болып қызмет атқарған. 2013 жылдың маусым айынан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің ҚМКК «Өнер» мәдени демалыс ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады.
Абайдың 150-жылдық тойының қарсаңында өткізілген тұңғыш республикалық оқушылар айтысында 1-орын (Семей, 1993), облыстық «Студенттер көктемі» айтысында бас жүлде, .Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған аймақтық ақындар айтысында Бас жүлде (2000), Ш.Құдайбердиевтің туғанына 145-жыл толуына арналған аймақтық ақындар айтысында 1-орын (Семей, 2003), О.Бөкейдің 60 жылдығына арналған республикалық айтыста ІІІ орын, С.Аманжоловтың туғанына 100 жыл және ШҚМУ университетінің 55 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным» атты республикалық айтыста бас жүлде (Өскемен, 2004) иеленген. 8-халықаралық «Шабыт» фестивальінің айтыс номинациясы бойынша лауреаты (2005).
Қ.Алтынбаевтың 80-жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орын (Өскемен, 2006), Мұхит Мерәліұлының туғанына 125 жыл толуына арналған халықаралық ақындар айтыста ІІІ орын (Орал, 2006), Шығанақ Берсеевтің (Ақтөбе) Форт Шевченко қаласының 120 жылдығына (Ақтау), Атырау облысының 70 жылдығына арналған республикалық айтыстарда ІІ,ІІІ орын (2007), Ш. Құдайбердиевтің туғанына 150 жыл толуына арналған республикалық айтыста 1 орын (2008), Астана қаласының 11 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде (Астана, 2009), Қырғызстанда өткен халықаралық айтыста ІІ-орын (2008),МХР Баян-өлгейде өткен Халықаралық айтыстың «Достық» алтын медальін (2010), ҚХР Үрімші қаласында дүниежүзі қазақтар қауымдастығы өткізген халықаралық ақындар айтысында Бас жүлде (2012) иеленген.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», «Толағай» атты жыр-жинағы жарық көрген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *