Басты бет Негізгі бет «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді
«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

 185 0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі– терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан іріктелген 17 жыршы-термеші бақ сынайды.

Байқауда жыршы-термешілер мен танымал дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Ұйымдастырушы: Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы.

 

Өтетін орны: Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залы

(Төле би 89)

Өтетін уақыты: 9 қараша, 2018 жыл

Басталуы сағат: – 18:00

Кіру тегін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *