Басты бет Негізгі бет СҮЙІНШІ!!! Айтыскер ақындардың тұңғыш жинағы жарық көрді!

СҮЙІНШІ!!! Айтыскер ақындардың тұңғыш жинағы жарық көрді!

 725 1

RbnfgМәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бағытында берілген тапсырмасы бойынша айтыскер ақындардың «Қазақстан айтыс ақындары» атты тұңғыш анықтамалық жинағы жарық көрді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бағытында берілген тапсырмасы бойынша айтыскер ақындардың «Қазақстан айтыс ақындары» атты тұңғыш анықтамалық жинағы жарық көрді. Анықтамалық жинақты баспаға дайындаған «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі. Айтыскер ақындардың алғашқы анықтамалық жинағында кешегі халық ақындары Көкен Шәкеев, Манап Көкенов, Көпбай Омаровтай таутұлғалардан бастап, айтыс деген айдынға жаңа қосылған жылғалар Серікболсын Дүйсенбай, Сырым Әуезханға дейінгі бірталай ақындар қамтылған. Кітап 2013 жылы Алматы қаласы «Ан-Арыс» баспасынан 17 баспа табақ, 1000 даналық таралыммен оқырмандарға ұсынылды.Көлемі 280 беттен тұрады. Редакциясын басқарған — Жүрсін Ерман, құрастырушысы — Еркебұлан Қайназар. Анықтамалық жинақ сатылмайды, бірақ ол Қазақстанның Ұлттық Академиялық кітапханасы, Еуразия Ұлттық университетінің Отырар кітапханасы, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институты, Оңтүстік Қазақстан облысының Өнер мектебі секілді ауқымды кітапханаларға және барша облыстық, аудандық кітапханаларға кеңінен таралды. Айтыссүйер оқырман қауым және айтысты зерттеуші ғылыми көпшілік айтыс ақындары жайлы барша мәліметті осы кітаптардан алуға толық мүмкіндігі бар.

Пікірлер(1)

  1. Ассаламагалейку агалар!!!!Атырау облысына Батыскада жиберендершиш биздеде айтысты тындаймызго агайындар акындарымыз катыса алмай жатканменен!!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *