Басты бет Негізгі бет Жақында Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді
Жақында Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

Жақында Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

 635 0

Қадірлі айтыс сүйер ағайын!

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен  Елордамыздың  20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді!

Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысады.

Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Айтыс: Астана қаласында 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан орталық концерт» залында өтеді. Екі күнде де басталуы сағат 15:00-де

Билеттер: «Қазақстан орталық концерт» залының кассасында және кассир.кз сайтында сатылады.

Байланыс телефондары:  +7 7172 705 8566, +7 707 346 3466

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *