Басты бет Негізгі бет VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді.
VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді.

VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді.

 358 0

  Тәуелсіздік  мерекесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астанам, сенсің айбарым!» атты VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді.  Бұл айтысқа жыл бойы өткізілген ақындар айтысының жүлдегері қатысады. Атап айтсақ, Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Тілеген Әділов,  Төлеген Жаманов, Ринат Заитов,  Болатбек Оразбаев,  Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Ершат Қайболдин, Жансая Мусина, Әсем Ережеқызы, Сырым Әділбеков, Мақсат Аханов,  Еркебұлан Қайназаров, Серік Қуанған, Нұрмат Мансұров, Дидар Қамиев, Шалқарбай Ізбасаров, Қазырет Бердіхан, Рүстем Қайыртайұлы. 

Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері ,ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

 

Айтыс:

Астана қаласында 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан орталық концерт» залында өтеді.

Екі күнде де басталуы сағат 15:00-де

Билеттер: «Қазақстан» орталық концерт залының кассасы мен https://kassir.kz/event/astanam-sensi-aybarym/46971 Kassir.kz сайтында сатылымда. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *