Басты бет Негізгі бет Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді
Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

 453 0

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы  Жүрсін Ерман Молдашұлының бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді.  Бұл көп томдық  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспа үйінен  басылып шықты.  Ақынның бұған дейін  «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба…», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», «Асыл Ажар», «Ұларың қайда Ұлытау» атты кітаптары жарық көрген. Аталған бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында 25 қаңтар күні сағ: 15:00 -де өтеді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *