Басты бет Айтыскер ақындар ДОСАЛЫ Есет Жаңабайұлы

ДОСАЛЫ Есет Жаңабайұлы

 506 0

есетДОСАЛЫ Есет Жаңабайұлы


Қазақстан журналистер одағының мүшесі
1977 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында туған. Осындағы Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектептің түлегі (1994) . Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (2007 ).
Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ, айтысқа деген бейімін байқатып, көзге түсті.1993 жылы аудандық, облыстық оқушылар айтысының бас жүлдегері атанды.
Облыстық «Наурыз» айтысының бас жүлдегері (2002), Таразда «Ақ орда» қозғалысының қолдауымен өткен «Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы» атты республикалық айтыста ІІІ орын (2005), Облыстық жастар айтысында бас жүлде (2005), осы жылы Талдықорғанда өткен С.Аронұлының 190 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысында Қалқа Жапсарбаев атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Облысаралық телеайтыстың ІІІ орын (2008), Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткен облыстық ақындар айтысының бас жүлде (2011), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында өткен республикалық айтыстың ІІ – орын (2013) иегері.
Қазіргі таңда облыстық «Арай» жастар газетінде аға тілші болып еңбек еетеді. Әңгіме, өлеңдері республикалық газет-журналда жарияланып тұрады. ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыс әкімінің 2009 жылғы «Әдебиет» аталымы бойынша жастар сыйлығының лауреаты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *