Басты бет Ақындар деген екен... Адам болған Астана
Адам болған Астана

Адам болған Астана

 287 0

   «Жыр жұлдызы — Фариза» атты республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері  оралдық айтыскер Талғат Мықи алғашқы күні Алматылық Рүстем Қайыртайұлымен айтысса, келесі күні де оңтүстік астана атынан шыққан Хазірет Бердіханмен сөз сайыстырды. Екі күнде де ең жоғарғы ұпайға ие болған Талғат өзінің тапқырлығымен Атыраудың мұнайы мен астананың шырайын астастыра жырлаған болатын.  Бір қайырымын назарларыңызға ұсынамыз:

Сіздерде туылғандар текті емес пе,
Құрсағыңды ұлылар тепті емес пе.
Ассалаумағалейкум, Атырауым,
Жүздерің жүрекке гүл екті емес пе.
Жаңа астана салдырып Елбасымыз,
Мұнайыңның ақшасын төкті емес пе.
Мына сенің арқаңда сол Астана,
Талай қиын кезеңнен өтті емес пе.
Жиырма жыл бойына асырадың,
Көмектесіп шығардың көп белеске.
Бұл күнде кәмелеттік жастан асып,
Өз қолы өз аузына жетті емес пе.
Атын да Нұр-Сұлтан деп ауыстырып,
Ақыры «адам» болып кетті емес пе!

Естеріңізге сала кетейік, 12-13 қыркүйек күндері Ф. Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Атырау қаласында «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық айтыс өткен  болатын. 22 ақын қатысқан айтыста Бас жүлдені Т. Мықи (Орал);  бірінші орынды Ш. Ізбасаров (Атырау); екі екінші орындарды Е. Қайназар (Түркістан) мен А. Керімбек (Ақтөбе); үш үшінші орындарды Р. Қайыртайұлы (Алматы), Х. Бердіхан (Алматы),Б. Асқаровтар (Нұр-Сұлтан) иеленген.

Айтыс тікелей «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізілді. Атырау облысы әкімдігі, «Қазақстан» РТРК мен «Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ аталмыш шараға ат салысты. 

Айтысты жүргізген: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ж. Ерман.

Қазылар алқасының құрамы: М. Құлкенов (Төраға), Ұ. Есдәулет, А. Бақтыгереева, С. Нұржан, А. Оңғарсынов, С.Қалиев, С. Дүйсенғазы.

Қазылар алқасының жауапты хатшысы: Әсем Ереже  

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *