Басты бет Айтыскер ақындар ДОСБОСЫНОВ Оразалы Жарылқасынұлы

ДОСБОСЫНОВ Оразалы Жарылқасынұлы

 1 375 16

http://www.alashainasy.kz/userdata/138ece00d886796ff9a1e1e7a81f8e66.jpgДОСБОСЫНОВ Оразалы Жарылқасынұлы

 

(1975-2005)

1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек (Нарынқол)ауданы, Тегістік аулында дүниеге келген. М.Мақатаев атындағы орта мектепте білім алған (1983-1993). Абай атындағы ұлттық педагогигалық институының филология факультетін тәмамдаған (1994-1998).
Еңбек жолын Тегістік ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған (1993-1994). Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Айтыс» үйірмесінің жектекшісі және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған (2004-2005).
Республикалық және Халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері. Қазақ айтыс өнеріне айрықша үлес қосқан ерекше дарын иесі 2005 жылдың 30 қазанында 29 жасында жол апатынан көз жұмды. Артында өшпес мол мұрасы қалды. Нұрсұлтан, Нұрайша есімді ұлы мен қызы бар.

 

Пікірлер(16)

  1. Оразалы сияқты сұңқардың республикалық ақындар айтысында бірде бір рет бас жүлде алмады дегенге сенесіз бе?
    Оразалыны бәйгесін бермей аяғына шалған адамдар қазір «абыз» деген атқа ие болып ақордада жүр алшаң басып….

  2. Оразалы Досбосынов:

    Қаламымды бірге көм…

    Қанды ауыз тағдыр қалайсың,
    Он екі мүшең аман ба?
    Қорқыт боп келсем, өмірге,
    Қарсы тұрмас ем ажалға.
    Әзірейіл тұрар тегінде,
    Алынбай ешбір амалға.
    Аш күзендей иіліп,
    Аллаға адал сыйынып,
    Маңдайы жерге тигенше,
    Шынтағың ақты сүйгенше.
    Тұрағы жоқ тұл тағдыр,
    Одан да жығыл намазға.
    Мұқтаж боп өткен Мұхтар да,
    Абайдың жырын оқыған,
    Он сегіз мың ғаламға.
    Мәйітке біржола айналып,
    Көрдің есігін қағарда.
    Бір шумақ өлең оқышы,
    Қабірімді менің қазарда.
    Қаламымды орап бірге көм,
    Бір жапырақ қағазға.
    Ақымға мені саларда,
    Дәл солай істе болмаса,
    Кебенегімді жамылып,
    Асан боп арман айтармын.
    Аңызды ажал далаңда.
    Түркілер де білген ақырын,
    Тағдырын тасқа жазарда.

  3. Ораздай ақын болмас-ты,
    Ораздың орны толмас-ты…
    Оразға мынау фәниде
    Тек қана өлең жолдас-ты

    Өлең мен өмір арбасты…
    Жүлдеден қағып Ораздың
    Өңменіне жармасты(?)
    Соған кінәлі адамдар
    Адам емес — албасты

  4. Акыннын акыны едi Ораз акын
    Акындар женiлгенiн мойындайтын
    Амал канша сум ажал кушты оны
    Бiр кошеге берсегой сонын атын

  5. Оразалы ағадай халықтың мұңын айтып, жоғын жоқтайтын ақын сірә аз-ау. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Қазақтай елің, қара топырақты жерің барда халқыңның сен мәңгі жүрегіндесің аға… Құлманбеттен қалған құлынмын деп жырлап өтіп едің, енді біз сенің жүрген ізіңді, жырлып кеткен жырыңды, даусыңды жоқтап қалдық-ау.Сен халыңның жүрегінде бір туар азаматы болып қалдың…

  6. Жатқан жері Фирдауси жұмағы болсын! Ораз ағанын айтыс видеоларын көбірек жүктесеніздер екен, өтініш

  7. ассалаумагаликум калаисыздар агалао сиздерге отиниш оразалынын айтыстарын салыныздаршы даулеткереи агамен айтысканын а отиниииииишш

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *