Басты бет Негізгі бет Мың күніңе татиды-ай, мың күбі піскен бір күнің
Мың күніңе татиды-ай, мың күбі піскен бір күнің

Мың күніңе татиды-ай, мың күбі піскен бір күнің

 1 547 0

 Айтыскер ақын Өміржан Көпбосынның әнімен тербелген Жаңарқада жаһандық рекорд жасалды. Қарағанды облысы Жаңарқа ауданының  90 жылдық мерейтойы және С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада бір мезгілде 1000 күбімен 10 000 литр қымыз пісілген. Бұл оқиғаны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін аталған кітаптың ресми өкілдері келген. «Рекорд осы іс-шараларға қатысатын адамдардың ең көп саны бойынша, қымыз және күбі саны бойынша есептеледі. Нәтижелер бүгін дайын болады. Бұл рекорд алғаш рет орнатылуда. Әр түрлі секциялар өте көп. Бірақ осы іске қатысушы адамдардың ең көп саны бойынша және қымыз көлемі мен күбі саны бойынша осы рекорд ең алғашқысы», — деп хабарлады Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.

 «Бұл бір керемет іс-шара болды. Бір мезетте күрпілдеген мың күбінің дауысы Сарарқаның сәнін келтірді. Жаңарқа ауданының әкімдігіне, атсалысқан барлық ауыл, елдімекен тұрғындарына алғысым шексіз» — дейді айтыскер ақын Аманжол Әлтай.

Осынау ұлы мейрамда айтыскер ақын Ө.Көпбосын өзінің туындысын орындап, ән-шашу арнады. https://www.instagram.com/p/B2ZYMHXFvwc/?igshid=pcnuaj0p5vz5

«Бал қымыз»

Әні мен сөзін жазған: Ө. Көпбосын.

1.

Қымыз десе бір ел бар еске түсетін,

Күрпілдетіп күбісін кешке пісетін.

Мейман болып келсеңіз сыйымыз дайын,

Мейіріңді қандырып местен ішетін.

 

Қайырмасы:

Сабаға сақтап сарқымыз,

Торсыққа толған нар қымыз.

Көшпенді елдің сусыны —

Көнекке құйған бар қымыз.

Сарарқада сапырып,

Сәкендер ішкен сән қымыз.

Самарқаннан таппайсың,

Жаңарқада бал қымыз.

 

2.

Жайлауында жігітке жылқы бақтырған,

Желісінде құлыны шұрқырап тұрған.

Бұл өлкенің бұрымды қыздарынан да,

Қымызының иісі бұрқырап тұрған.

 

3.

Дәріптеуге тұрарлық дәмі келіскен,

Дәрумені мың артық дәріден ішкен.

Брендіне бір елдің айналып кеткен,

Біздің қымыз емес пе бәрінен үстем.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *