Басты бет Негізгі бет Атыраудағы айтыстың қорытындысы. Рейтингтік ұпайлар.
Атыраудағы айтыстың қорытындысы. Рейтингтік ұпайлар.

Атыраудағы айтыстың қорытындысы. Рейтингтік ұпайлар.

 1 128 0

     Қыркүйек айының 12-13 күндері Атырау қаласында «NurOtan»  партиясының қолдауымен, Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Ақын Ф. Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған апталық аясында өткен сөз додасына еліміздің түкпір-түкпірінен жиырма екі ақын қатысты. «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ төрағасы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ж. Ерман жүргізген айтыс екі күнге созылып, Бас жүлде оралдық ақын Т. Мықиға бұйырды. «NurOtan»  партиясының хатшысы Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Жамбылұлы Шапкенов сөз сөйлеп, ашып берген салтанатты кеш ақындардың жырымен жалғасты.  Қазылар алқасы құрамында  жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Мереке Құлкенов; ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет; ақын, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева; ақын, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан; айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиев; айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы; Ф. Оңғарсынованың бауыры Айбар Оңғарсынов, айтыскер ақын Б. Халиолла  сынды зиялы қауым өкілдері болды.

Айтыскерлердің көрсеткіші төмендегідей:

1-жұп: Ш.Ізбасаров (Атырау) 70 ұпай – Ш. Сезімхан (Алматы) 67 ұпай;
2-жұп: А. Ақбабаұлы (ШҚО) 63 ұпай – Х.Бердіхан (Алматы) 67 ұпай;
3-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 69 ұпай – Т. Мықи (Орал) 70 ұпай;
4-жұп: Н. Есенқұлов (Шымкент) 70 ұпай – А. Керімбек (Ақтөбе) 70 ұпай;
5-жұп: О. Меңдіқұл (Орал) 65 ұпай — Ф. Жетпісбаева (Атырау) 65 ұпай;
6-жұп: Ө. Дәулекенов (Атырау) 70 ұпай – Н. Қару (Қызылорда) 68 ұпай;
7-жұп: Ғ. Мұстафа (Атырау) 64 ұпай – М. Мирланов (Орал) 63 ұпай;
8-жұп: А. Мұқанғалиев (Атырау) 65 ұпай – Рауан Қайдар (Кереку) 66 ұпай;
9-жұп: А. Шұғатаев (Кереку) 70 ұпай – Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан) 70 ұпай
10-жұп: Ж. Садыров (Атырау) 67 ұпай – Е. Қайназар (Түркістан) 70 ұпай;
11-жұп: Б. Байту (Шымкент) 69 ұпай – С. Бірлесбек (Алматы обл.) 69 ұпай.

Екінші күн:

1-жұп: Ө. Дәулекенов (Атырау) 70 ұпай – Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан) 70 ұпай;
2-жұп: Е. Қайназар (Түркістан) 70 ұпай – А. Керімбек (Ақтөбе) 70 ұпай;
3-жұп: Т. Мықи (Орал) 70 ұпай – Х. Бердіхан (Алматы) 70 ұпай;
4-жұп: А. Шұғатаев (Кереку) 70 ұпай – Б. Байту (Шымкент)  67 ұпай;
5-жұп: Н.Есенқұлов (Шымкент) 68 ұпай – С. Бірлесбек (Алматы обл.) 68 ұпай;
6-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 70 ұпай – Ш. Ізбасаров (Атырау) 70 ұпай

Қазылар алқасының шешімімен жүлделер төмендегіше тағайындалды:

Бас жүлде (Рейтингтік ұпай — 100) – Т. Мықи (Орал);
І-орын (Рейтингтік ұпай — 75) – Ш. Ізбасаров (Атырау);
ІІ-орын (Рейтингтік ұпай — 50) – Е Қайназар (Түркістан);
ІІ-орын (Рейтингтік ұпай — 50) – А. Керімбек (Ақтөбе);
ІІІ-орын (Рейтингтік ұпай — 25) – Р. Қайыртайұлы (Алматы);
ІІІ-орын (Рейтингтік ұпай — 25) – Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан);
ІІІ-орын (Рейтингтік ұпай — 25) – Х. Бердіхан (Алматы);
Арнайы жүлде (Рейтингтік ұпай — 10) – А. Шұғатаев (Кереку);
Арнайы жүлде (Рейтингтік ұпай — 10) – Ө. Дәулекенов (Атырау);
Арнайы жүлде (Рейтингтік ұпай — 10) – Н. Есенқұлов (Шымкент);
Екінші айналым (рейтингтік ұпай — 10) – Б. Байту  (Шымкент);
Екінші айналым (рейтингтік ұпай — 10) – С. Бірлесбек (Алматы обл.);
Ф.Оңғарсынова ат. Жүл. (Рейтингтік ұпай — 10) – Ф. Жетпісбаева (Атырау);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – Н. Қару (Қызылорда);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – Ш. Сезімхан (Алматы);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – Ж. Садыров (Атырау)
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – Р. Қайдаров (Кереку);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – А. Ақбабаұлы (ШҚО);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – А. Мұқанғалиев (Атырау);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – О. Меңдіқұл (Орал);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – Ғ. Мұстафа (Атырау);
Қатысқаны үшін (р.ұ.- 5) – М. Мирланов (Орал).

Айтыстың ақпараттық демеушісі «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы.  

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Nur Otan» партиясы, «Қазақстан» РТРК АҚ және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған сәйкес айтыстарды тарату құқығы тек «QAZAQSTAN» ұлттық арнасына тиесілі екенін ескертеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *