Басты бет Айтыскер ақындар ДҮЙСЕМБАЙ Серікболсын

ДҮЙСЕМБАЙ Серікболсын

 860 0

СерікболсынДҮЙСЕМБАЙ Серікболсын

1993 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаяу Мұса ауылында дүниеге келген. 6-сыныпты Баянауыл ауданында бітіріп, оқуын Ы.Алтынсарин атындағы Павлодар облыстық қазақ гимназия-интернатында жалғады. Гимназия-интернатты 2011 жылы «Алтын белгіге» аяқтап, Астанадағы Назарбаев Университетіне түсті. Қазір осы оқу ордасының Инженерия мектебінде 2-курс студенті.
Бірнеше облыстық, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
Семей өңірінде өткен ҮІІ республикалық Абай оқуларының І орын иегері (2008), «Алаш Орда» қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш туы астында…» атты облыстық жастар мүшәйрасында І орынды иеленді. ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде Білім және ғылым министрлігінің «Үздік әдеби шығарма» арнайы сыйлығына ие болды.
Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық айтыста бас жүлде (2010), Шапық Шөкиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысында бас жүлде (2012) иеленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *