Басты бет Жаңалықтар Қостанайда айтыс өтуде
Қостанайда айтыс өтуде

Қостанайда айтыс өтуде

 285 1

Дәл қазір  Қостанай қаласында Б. Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты республикалық ақындар айтысы өтуде. «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сөз сайысына Серік  Құсанбаев (Өскемен), А. Қалиев (Арқалық), С. Өтелбаева (Қостанай), Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан), Ж. Жұпархан (СҚО), Е. Дәулетұлы (Ақмола обл.), Ш. Сезімхан (Алматы), М. Сұлтанхан (Қызылорда),  А. Бисенғалиев (БҚО),  М. Ізтілеу, Т. Өтепбаев,  М. Оспанов, Б. Сағынтаев, М. Байзақов (барлығы Қостанай облысынан) сынды ақындар қатысуда. 
 Қостанай қаласы «Жастар сарайында» өтіп жатқан айтыста  Халық ақыны Әсия Беркенова бастаған  Ұ. Есдәулет, А. Шаяхметов, А. Әлтай, Е. Тоқтарбай сынды ақындар төрелік етуде. Қазіргі мәлімет бойынша 4 жұп өнер көрсеткен. 
1-жұп: А. Қалиев (Арқалық) 50 ұпай — М. Сұлтанхан (Қызылорда) 50 ұпай;
2-жұп: С. Құсанбаев (ШҚО) 49 ұпай — М. Ізтілеу (Қостанай) 44 ұпай;
3-жұп: М. Оспанов (Қостанай) 43 ұпай — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 50 ұпай;
4-жұп: Е. Дәулетұлы (Ақмола обл.) 47 ұпай — Б. Сағынтаев (Қостанай) 45 ұпай;
5-жұп: Ж. Жұпархан (СҚО) 45 ұпай — С. Өтелбаева (Қостанай) 49 ұпай;
6-жұп: А. Бисенғалиев (Орал) 48 ұпай — М. Байзақов (Қостанай) 46 ұпай.
7-жұп: Т. Өтепбаев (Қостанай) 49 ұпай — Ш. Сезімхан (Алматы) 50 ұпай.

Қазір екінші айналымға өтетін ақындар сұрыпталуда.  Толық қорытынды ақпаратты алдағы уақытта жариялаймыз. 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *