Басты бет Айтыскер ақындар ДҮЙСЕНБІ Асқар Кейкіұлы

ДҮЙСЕНБІ Асқар Кейкіұлы

 589 1

http://www.khabar.kz/upload/content/Askar-Duisenbi.jpgДҮЙСЕНБІ Асқар Кейкіұлы
Филология ғылымдарының кандидаты


1973 жылы 31 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қандөз елді мекенінде дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген ((1991-1995). Халық ауыз әдебиеті саласы бойынша магистратура, аспирантура, докторантурадан өтіп, академиялық білім алған. 2002 жылы белгілі ғалым, академик Р.Бердібайдың жетекшілігімен фольклортану саласы бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алған. PhD докторы. Отыздан астам ғылыми мақалалардың авторы. 2011 жылы Астана қаласындағы «Сарыарқа» баспасынан «Түркі аңыздары мен әпсаналары» атты ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді.
Бірнеше дүркін республикалық, аймақтық ақындар айтысының жеңімпазы, жүлдегері. Өлкелік ұжымдық жыр жинақтарында өлеңдері жарық көрген. «Қазіргі заман айтысы» атты 2 томдық кітапқа сөз сайыстары енген. «Махаббат көктемі», (1995), «Ләйла ғұмыр» (2003) атты жеке авторлық жыр жинақтары жарық көрген. 500-ден астам ән мәтіндерінің авторы. Эстрада жұлдыздарның қатынасуымен «Жан арманым» атты шығармашылық кеші және сол атаумен жеке ән жинақтары жарық көрген.
«ХАБАР» АҚ телеарнасында редактор-сценарист болып қызмет атқарады. «Хабар» телеарнасы бойынша көрерменге жол тартқан «Таң қалдырған хикая», «Алтын алқа», «Ақсұңқар», «Біздің көктем», «Бақыт құсы» т.б бірнеше музыкалы көркем фильдердің сценарий авторы. Түркі академиясының халықаралық ғылыми жобалар бойынша жасақталған ұжымдық топтың мүшесі.

Пікірлер(1)

  1. Асқардың қабілеті мол, алайда қу тіршілік алаңдатып, өзінің толық мүмкіндіктерін көрсете алмай келе жатқан секілді. Шығар биіктеріне талмай жетуіне тілектеспін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *