Басты бет Негізгі бет Ағайынды Панабердиевтер: «Ағайындылар арасындағы сыйластықты дәріптеуге тырысамыз»
Ағайынды Панабердиевтер: «Ағайындылар арасындағы сыйластықты дәріптеуге тырысамыз»

Ағайынды Панабердиевтер: «Ағайындылар арасындағы сыйластықты дәріптеуге тырысамыз»

 457 0

«Отан отбасынан басталады» атты  айтыста өнер көрсететін ағалы-інілі ақындардан  бірер сөз.

Панабердиев Амангелді Мұратханұлы.  1992 жылы  19 наурызда Атырау облысы Исатай ауданы  Хамит Ерғалиев ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Новобогат орта мектебін тәмәмдап, мектеп қабырғасын бері айтыс өнеріне қадам басып келеді. Облыстық бірнеше айтыстың жеңімпазы, Республикалық айтыстың жүлдері. Айтыс ақындарымен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі. 

Амангелді: «Бұл айтыс — бүкіл қазақ елі үшін үлкен жаңалық болғалы тұр. Бір үйден екі ақын шығуы көп кездесе бермейтін жағдай. Біз бұл айтысты пайдаланып халыққа үлгі-насихат жасап, ағайындылар арасындағы сыйластықты дəріптеуге тырысамыз. Тарихта бұрын болмаған, алғашқы рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға қатысып, алғашқылардың бірі болып өнер көрсететініме қуаныштымыз!»

Панабердиев Серікбол Мұратханұлы. 1982 жылы 10 маусымда Атырау облысы Исатай ауданы  Хамит Ерғалиев ауылында дүниеге келген. «Атырау-ақпарат»  ЖШС қарасты Исатай аудандық «Нарын таңы» қоғамдық-саяси газетінің екінші санатты тілшісі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Облыстық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері. «ТеңізШевройл» компаниясының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі облыстық айтыстың екі дүркін жеңімпазы. 

Серікбол: «Ағайын туыстың бір-бірімен айтысқаны несі?» — деп жатқандарға туыстық құндылықты сақтай отырып, бір-бірімен сөз додасын жасаудың өзіндік күрделілігі, қиындығы мен қызығы бар екенін айта кеткеніміз жөн. Қай жұп қалай өнер көрсетеді, тақырыпты қалай ашатын болады? Бұның өзі үлкен шеберлікті керек ететін нəрсе. Жалпы айтыстың түрлі жанры бар болса,  бұл бір жаңадан қосылған, керекті жанрдың бірі деп ойлаймын!»

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 30 жұлдызында «NurOtan» партиясының қолдауымен, Алматы қаласы әкімдігі және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ  ұйымдастыруымен «Отан отбасынан басталады» атты  ақындар айтысы өтеді.
Өтетін орыны: Республика сарайы
Басталуы 19:00-де.
Билеттер Алматы қаласының барлық кассаларында сатылуда. 

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *