Басты бет Айтыскер ақындар ДҮЙСЕНҒАЗЫ Серікзат Мақсұтұлы

ДҮЙСЕНҒАЗЫ Серікзат Мақсұтұлы

 625 0

Серікзат
ДҮЙСЕНҒАЗЫ Серікзат Мақсұтұлы
Филология ғылымдарының кандидаты


1974 жылы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Тарбағатай ауылындағы «Октябрь» орта мектебін бітірді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр дәрежесі бойынша аяқтап, 1999 жылы «әдебиеттану» саласы бойынша магистр дәрежесін алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директорының орынбасары, директоры (1999-2001), Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы директорының орынбасары (2001-2002), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында (2002), 2002 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолында еңбек етіп келеді. Филология факультеті деканының орынбасары (2006-2011) қызметін атқарды.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі.
Айтыс ақыны ретіндегі алғашқы қадамын 1990 жылдан бастады. Семей облысы Ақсуат ауданында өткен Би Боранбайдың 300 жылдығына арналып өткен республикалық айтыста екінші орын (1993), Шәкерім Құдайбердіұлының 140 жылдығына арналған республикалық айтыстың арнайы жүлдегері (1998), Астана қаласында өткен «Ана тілім, ардағым» атты республикалық айтыстың жүлдегері (1999), Қырғызстанда өткен Манасты ұлықтауға арналған халықаралық айтыстың арнайы жүлдегері (2000), Аягөз қаласында өткен Төлеу Көбдіковтің 130 жылдығына арналған республикалық айтыстың бас жүлдегері (2003), Астана қаласында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты республикалық айтыстың ІІ орын (2005), Астана қаласында өткен «Ел басқарар ерің кім?» атты республикалық айтыстың ІІІ орын, (2005), Семей қаласында өткен «Ақындар жыры – Ақорда» атты республикалық айтыстың ІІІ орын (2005), Астана қаласында өткен «Асқақта, Астана» атты республикалық айтыстың ІІ орын (2006), Қорғалжында өткен «Қорғалжын – құтты мекенім» атты республикалық айтыстың бас жүлде (2006), Астана қаласында өткен «Туған тілім – тұғырым» атты республикалық айтыстың ІІ орын, Қызылорда қаласында өткен Жалаңтөс баһадүрге арналған республикалық айтыстың ІІІ орын (2006), Жезқазған қаласында өткен Бабыр биге арналған республикалық айтыстың ІІІ орын (2007), Астана қаласының 10 жылдығына арналған республикалық айтыстың ІІ орын (2008), Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданында өткен Бұхар Қалқаманұлының 340 жылдығына арналған республикалық айтыстың ІІІ орын (2008), Астана қаласының туған күніне арналған үш республикалық айтыстың (2009, 2010, 2011) ІІ орын , Алматы облысы, Жамбыл ауданында өткен Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлде (2011), Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында өткен «Белесті Бесқарағай» атты республикалық айтыста І орын , Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында өткен Күләш Бәйсейітованың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста ІІ орын (2012) иегері. Қытай, Қырғызстан, Армения, Азербайжан елдерінде қазақтың айтыс өнерін насихаттап, өнер көрсетті.
Жазба поэзияның өкілі ретінде де республикаға танылған ақын. Жазба өлеңдерінің топтамасы «Жас ақындар антологиясы» жинағына енген. Өлеңдері «Жалын», «Парасат» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде, интернеттегі «Мәссаған» ұлттық порталында жарық көріп тұрады. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Қазақ радиосы», «Қазақ әдебиеті» газеті бірлесіп өткізген «Бір өлең – бір әлем» атты республикалық жыр мүшәйрасының екінші орын иегері (2008), Астана қаласындағы «Қала күні» мерекесіне арналған жыр мүшәйрада 1 орын иегері (2012) атанды.
Серікзат Дүйсенғазының сөзіне жазылған әндер:«МузАРТ» тобы («Мөлдіреген жанарың» — әні М.Салықовтікі),Мейрамбек Бесбаев («Сен үшін жаралғандаймын», «Түнгі сыр» — Әні Б.Асқаровтікі, «Сүйіктім» — әні Ұ.Жолдасовтікі), Кенжебек Жанәбілов («Ақ гүлім» — әні П.Лидікі), Қарақат Әбілдина(«Құлыншағым» — әні М.Салықовтікі), Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті(«Күлімдесең болмай ма» — әні М.Салықовтікі), Заттыбек Көпбосынұлы мен Әсел Ергешқызы дуэті («Перзент тілегі» — әні З.Көпбосынұлынікі),Роза Әлқожа(«Жолайырық» — әні Ғ.Өзбекбайқызынікі),т.б.«Бәйтерек», «Аламан», «Аңсар» топтарының, жекелеген әншілердің орындауында көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды.
«Халық поэзиясы және Ғабдиман Игенсартов мұрасы» (2007) атты ғылыми монографияның, «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулықтың авторы. «Наурыз айтысы» (2003), «Қазіргі айтыс» екі томдық жинағы (2004), «Астана көшелерінің атаулары» (2006), Халық ақындары Қожабай ақын мен Болман Қожабайұлының шығармашылығына арналған «Бізге де сөйлер кез келер» (2009) жинақтарының құрастырушысы. Қазіргі уақытта «Поэзиядағы Дулат, Шортанбай дәстүрінің жалғастығы» атты докторлық диссертация тақырыбының жазу үстінде ізденіс жолында жүр. Публицистикалық мақалалары республикалық басылымдарда жарияланып тұрады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (2006).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *