Басты бет Негізгі бет АЙТЫС АЯҚТАЛДЫ. БІР ОТБАСЫҒА БІР ЖҮЛДЕДЕН…
АЙТЫС АЯҚТАЛДЫ. БІР ОТБАСЫҒА БІР ЖҮЛДЕДЕН…

АЙТЫС АЯҚТАЛДЫ. БІР ОТБАСЫҒА БІР ЖҮЛДЕДЕН…

 961 0

Қыркүйек айының 30 жұлдызында «NurOtan» партиясының қолдауымен, Алматы қаласы әкімдігі және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ  ұйымдастыруымен «Отан отбасынан басталады» атты  ақындар айтысы өтті. Бұл айтыста «Батыр ана» Егеухан Мұқамәдиқызы (Дәулеткерей Кәпұлының анасы) өзінің немересі,  жас талап Ардакерей Кәппен;  Қайыртай Ақылбеков  ұлы Рүстем Қайыртайұлымен;  Бекарыс Шойбеков інісі (туған ағасының ұлы) Дәурен Ақсақаловпен;   Иран-Ғайып Күзембаев туған ағасы Талғат Күзембаевпен;  Амангелді Панабердиев туған ағасы Серікбол Панабердиевпен;  Бекжан Ержігіт туған ағасы Ержан Әміровпен;  Дидар Қамиев туған інісі Ұланғасыр Қамиевтпен айтысты. Ақын, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының төрағасы Ж. Ерман жүргізген айтыс түнгі 23: 15 ке дейін жалғасты. 

      КСРО халық әртісі, ҚР Еңбек Ері А. Әшім бастаған қазылар алқасы бұл жолы ұпайды бір ақынға емес, өнер көрсеткен жұпқа ортақ етіп қойды. 

1- жұп: Иран-Ғайып, Талғат Күзембаевтар — 77 ұпай;
2-жұп: Егеухан Мұқамәдиқызы — Ардакерей Кәп — 80 ұпай;
3-жұп: Дидар, Ұланғасыр, Айдар Қамиевтер — 80 ұпай;
4- жұп: Бекарыс Шойбеков — Дәурен Ақсақалов — 78 ұпай;
5-жұп: Қайыртай Ақылбеков — Рүстем Қайыртайұлы — 80 ұпай;
6-жұп: Ержан Әмір — Бекжан Ержігіт — 71 ұпай;
7-жұп: Аманкелді, Серікбол Панабердиевтер — (айтыс тоқтатылды)

Қазылар алқасының шешімімен: 
Бірінші орын — әкелі-балалы Ақылбековтерге берілді (Қ.Ақылбеков пен Р. Қайыртайұлы.  3 млн.теңге).
Екінші орын — әжелі — немерелі Кәп әулетіне бұйырды  (Егеухан Мұқамәдиқызы мен Ардакерей Кәп. 2 млн.теңге).
Үшінші орын — үш ағайынды Қамиевтердің қанжығасында (Дидар, Ұланғасыр, Айдар.  1 млн. теңге).

Қалған отбасыларға да қаржылай сый-сияпаттар жасалды. 

Қазылар алқасының құрамы:
Қазылар алқасының төрағасы: КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
Қазылар алқасының мүшелері:
Қазақстанның Халық ақыны Әсия Беркенова;
«Егемен Қазақстан газеті» АҚ басқарма төрағасы, Түркі акамдемиясының президенті Дархан Қыдырәлі; 
«Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Қали Сәрсенбай; 
«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Дәурен Қуат; 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Смақова; 
Айтыскер ақын, Филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай;
Ақын, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан.

 

Айтыстың ақпараттық демеушісі «QAZAQSTAN» ұлттық  арнасы

Естеріңізге сала кетейік,  «Nur Otan» партиясы, «Қазақстан» РТРК АҚ және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған сәйкес айтыстарды тарату құқығы тек «QAZAQSTAN» ұлттық арнасына тиесілі екенін ескертеміз.

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *