Басты бет Жаңалықтар АЙТЫСКЕР АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК НАУШАБЕКОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
АЙТЫСКЕР АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК НАУШАБЕКОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

АЙТЫСКЕР АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК НАУШАБЕКОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

 725 0

       Қазан айының 2 жұлдызында белгілі  ақын, Оңтүстік өңіріндегі  айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі  — Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында  ауыр науқастан өмірден өтті. 

НАУШАБЕКОВ ЖАРҚЫНБЕК АБАЗБЕКҰЛЫ

      1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі,   1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған.  Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері  Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

«Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ, «Айтыскер» ақпараттық порталы белгілі айтыскер ақын Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның  отбасына, туыстарына қайғырып көңіл айтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *