Басты бет Жаңалықтар ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕСІ — ДАРИҒА МҰШТАНОВА
ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕСІ — ДАРИҒА МҰШТАНОВА

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМ ИЕСІ — ДАРИҒА МҰШТАНОВА

 100 0

        27 қыркүйек күні Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің қолдауымен, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,  ақын, ұстаз Дариға Мұштановамен «Қарымды қалам иесі» атты кездесу кеші өтті. Кеште ақын өлеңдері оқылды, танымдық сыр сұқбат болды.
           Дариға Мұштанованың туындыларынан оқушылар «Қайдасың, өлең?», «Келем саған», «Жайығыма», «Қара көз қайың» өлеңдері көп көңілінен шықты.Өңіріміздің танымалы әншілер Күләш Қуанышқалиева, Еркін Өтегенов, Асыланбек Шайхин ақын сөзіне жазылған әндерін орындады. Шарада Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов қала әкімі А.Шыныбековтың атынан және Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Е.Қайырлиевтің атынан мәдениет секторының бас маманы Айгерім Дильмағамбетова алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Кешке ақынның өнердегі достары, ізбасарлары, студенттер мен мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты» -деп хабарлайды  Орал Қалалық Кітапханасы.

     1980 жылдардан бастап айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын, ұлағатты ұстаз Дариға Мұштанованы «Ұстаздар мерекесімен» құттықтаймыз!  «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ, «Айтыскер» ақпараттық порталы ұжымының атынан денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *