ЕРЕЖЕҚЫЗЫ Әсем

 643 5

асем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ Әсем

       1980 жылы 8 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Байқошқар ауылында дүниеге келген. Байқошқар орта мектебінде білім алып (1987-1997), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған (1997-2001). Семей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын оқып бітірген (2003-2005). Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы (2001-2004), Семей мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми қызметкер (2004-2008) болып қызметтер атқарған. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше мәрте жүлдегері. Жазба өлеңдері мен топтамалары 2000 жылдан бастап республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз» журналдарында жиі жарық көріп келеді. 2003 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы өткізген республикалық мүшайраның жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Монғолия қазақ жастары одағының ең жоғарғы сыйлығы «Көшбасшы» алтын жұлдызының иегері.

 

Пікірлер(5)

  1. Асем сондай салмакты,Атынан корки сай кыз.Шындыкты бетке айтатын акындардын бири.Онерин орге жузсин!

  2. Әсем тамаша айтыстың.Өзіңді көріп қуанып қалдым.Өнерің өрге жүзсін!Мен Амангүл апайыңмын. Таныған шығарсың.

  3. Сұлу қызы Ереженің,
    Айып етпе,
    Бұзсам егер ережені –
    Көп болды-ау
    Құлын даусың қайырмалы
    Мені тағат-
    тыныштықтан айрылғалы.

    Әз үніңе ғашық болдым ғайыптан,
    Ғашық болсам,
    Айтшы өзің:
    Айып па?

    Сол дауыс Мәжнүн етті, дел-сал қылды,
    Тентіретті.
    Сонда-дағы
    Есі ауысқан
    Сол дауыстан
    Тапқандаймын мен үндесті,
    мен тіректі!

    О бастан сөз емес,
    Дыбыс болған деп болжаймын әуелі,
    Тәнті етті-ау мені сенің ғажап әуенің,
    Жұмақтан бір шығамын мәуелі.

    Сұлу қызы Семейдің,
    Жанашырың көбейді.
    Ах, Әсем, Әсем, Әсем десем,
    Іші-баурым алабөтен мәз ендеше!
    Құлағымда құлын даусың тұр ғой әлі,
    Еш болмайды шегіншектеп, бәсеңдесем.

    Дауысың шыққан құраққа,
    Тұнып та қалды құлақта.
    Ақтөбеден бір сәлем
    Елден ерек шыраққа!

    Уа, алып қызы Ереже,
    Саған да
    Табылар тең терезе!

    Сен – Отсың,
    Мен болайын өртіңе оралатын
    (Не істеп жүр, қайда қоралы ақын?!)

    Сен – Дауылсың,
    Тұрайын дауыл күні дуалың боп
    (Қайда, қайда көп ақын, дуалы көп?!)

    Сен – Борансың,
    Ақ түнегіңе оранайын,
    Көктем боп Астанаға оралайын!
    Сен – Тасқынсың,
    Шегінбегін, дертім, мейлі, асқынсын,
    Үндейсің бе қолдап: «Жас, тыңсың!»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *