Басты бет Жаңалықтар Серік Қалиев — «Тарбағатай тарланы»
Серік Қалиев — «Тарбағатай тарланы»

Серік Қалиев — «Тарбағатай тарланы»

 97 0

      Бүгін айтыскер ақын Серік Қалиев «Тарбағатай тарланы» медалімен марапатталды. Бұл туралы Жарқын Сәленұлы былай деп хабарлайды: «Осыдан екі жыл бұрын «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» атынан сол кездегі Тарбағатай ауданының әкіміне(кім екенін білесіздер ғой) хат жаздық. Жалғыз-ақ өтінішіміз, туған жері үшін бар күш-қуатын сарқа жұмсап еңбек ететін Серік Әкірамұлына «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атағын берсе дегеміз. Алайда, әкімшілік қызметкерлері «ол ақын(С.Қ) өзі ауылға келіп концерт қойып, ел араласын. Сосын көрейік» деді. Сонда біз ренжіп «Туған жерін күллі жұртқа танытып жүрген азаматты туған елінің танып, бағаламағаны-ай» деп қынжылып едік. 
       Дәл бүгін сол өлкеде туып-өскен атымтай жомарт Дулат Тастеке құрылтайшылық ететін «Assyltas» қоры ақынды, азаматты ардақтады. Туған жерін сүюдің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген ағамыздың лайықты марапаты құтты болып, ұзағынан сүйіндірсін!
       Халық ақынының еңбегін бағалаған азаматтарға да алғыс!»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *