Басты бет Жазбанұсқа Е. ҚАЙНАЗАР: ӘР БАЛАҢ «ҚАЗАҚПЫН» ДЕП САЙРАП ТҰРСА…
Е. ҚАЙНАЗАР: ӘР БАЛАҢ «ҚАЗАҚПЫН» ДЕП САЙРАП ТҰРСА…

Е. ҚАЙНАЗАР: ӘР БАЛАҢ «ҚАЗАҚПЫН» ДЕП САЙРАП ТҰРСА…

 141 0

Бүгін, 6 қазан күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен IBF, IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа таласып, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
        Ақындар тілге тиек етіп жүрген спорт саңлағын құттықтай отырып,  айтыскер Е. Қайназардың бір қайырымын ұсынамыз:

«Уақытты шығын қылмай бос егеске,
Қалардай сөз айтайық көшелі есте.
Ассамблея жайында ауыз ашсақ,
Жететін әңгіме бар неше кешке!
Спорттан-ақ айтайын бір мысалды,
Ол қазір әрбір елдің сесі емес пе?!
Әлемдегі ең үздік атлет болды,
Илья Ильин балдарың кеше кешке.
Ол аз десең Мая мен Зульфия бар,
Жарқыраған жұлдыздай қос ерекше.
«Великпен» алтын алған Винокуров —
Бүкіл әлем таниды көшеде өтсе.
Ортекедей орғыған Ольга қыздың
Жеңісі көңіліңнің қошы емес пе.
Денис Тен дүниені дүр сілкінтіп,
Алдына жан салмайды қос егесте.
Әкесі — орыс, шешесі — кәріс болған,
Головкин — қазақтың шын досы емес пе?!
«Мен өзім — қазақпын» деп жар салады,
Сондықтан да жағдайы бес емес пе?!
Үстінде шапан, қолда байрақ тұрса,
Геннадийдің жеңісі осы емес пе?!
Әр балаң қазақпын деп сайрап тұрса,
Жиырма жылдың жемісі осы емес пе?!»

«Бірлік пен берекенің жерұйығы» атты Республикалық айтыстан. Көкшетау, 2015 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *