Басты бет Жазбанұсқа Д. ҚАМИЕВ: БАБАҢНЫҢ КІМ БОЛҒАНЫН АЙТА БЕРМЕЙ, БАЛАҢНЫҢ КІМ БОЛАРЫН ОЙЛАНЫҢДАР
Д. ҚАМИЕВ: БАБАҢНЫҢ КІМ БОЛҒАНЫН АЙТА БЕРМЕЙ, БАЛАҢНЫҢ КІМ БОЛАРЫН ОЙЛАНЫҢДАР

Д. ҚАМИЕВ: БАБАҢНЫҢ КІМ БОЛҒАНЫН АЙТА БЕРМЕЙ, БАЛАҢНЫҢ КІМ БОЛАРЫН ОЙЛАНЫҢДАР

 249 0

      Алматыда өткен «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық айтыстың үшінші жұбында өнер көрсеткен Дидар Қамиев пен інісі Ұланғасыр Қамиевтің айтысынан үзінді.

      Дидар ҚАМИЕВ:

Көтеріп тəрбиенің байрағын дəл, 
Менің де айтар ішкі байламым бар.
Бас мəселе баланың тəрбиесі, 
Осыны алып жүрген ойға кім бар?
Бала тəрбиелейтін уақытың жоқ,
Аптасына барар екі-үш тойларың бар. 
Ол аз десең кредит жабамын деп,
Екі-үш жұмысқа кіріп қойғаның бар.
Ертегі айтар əжелер қалмай барад(ы),
Сериал жаулап алған ойларын дəл. 
Əженің əңгімесін тыңдап өсіп,
Əлемге танылмады қай дарындар?
Қазақы үйдің ішінде отырып ақ,
Қазағымның шығарған қаймағын бар. 
Зере сөзін зердеге тоқып өскен,
Бұл сөзге Абай сынды айғағым бар.
Шоқандардың шоқтығы биік болса, 
Артында тұрған жоқ па Айғанымдар?
Сондықтан осы бастан қам жасайық, 
Шықсын десек білімге бай ғалымдар.
Бабамен мақтанғанда масқарамыз, 
«Жеңген», деп өткен күннің «майданын бар».
Өткенді айтып кеуде ұра бермей, 
Ертеңге осы бастан сайланыңдар. 
Баланың тəрбиесіне бей-жай қарап,
Шекесі шылқып кеткен қай қауым бар?
Бабаңның кім болғанын айта бермей,
Балаңның кім боларын ойланыңдар.

      Айтыстың толық нұсқасын алдағы уақытта «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар. 

      Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясы, «Қазақстан» РТРК АҚ және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған сәйкес айтыстарды тарату құқығы тек «QAZAQSTAN» ұлттық арнасына тиесілі екенін ескертеміз. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *