Басты бет Жаңалықтар ЖАҚЫНДА ЕЛОРДАДА АЙТЫС ӨТЕДІ
ЖАҚЫНДА ЕЛОРДАДА АЙТЫС ӨТЕДІ

ЖАҚЫНДА ЕЛОРДАДА АЙТЫС ӨТЕДІ

 274 0

       Қазан айының 19 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында «NurOtan» партиясының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Береке бірлігіңде, елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысқа еліміздің әр аймағынан 16 ақын қатысады. Атап айтқанда: Абай Жолмағамбет (Маңғыстау), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Бек Шымат (Нұр-Сұлтан), Бекзат Асқаров (Нұр-Сұлтан), Дархан Әбдіманат (Тараз), Дәурен Ысқақ (Ақмола обл.), Еркебұлан Қайназар (Нұр-Сұлтан), Жансая Мусина (Орал), Қажымұқан Абзалов (Түркістан обл.),  Қалижан Білдәш (Шымкент), Қанат Мырзахан (Жамбыл обл.), Серікзат Дүйсенғазы (Нұр-Сұлтан), Сұлужан Таубалды (Алматы обл.), Сырым Әуезхан (Алматы), Талғат Мықи (БҚО), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау). 

      Айтысты жүргізуші ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ төрағасы Ж. Ерманов. 

Айтыстың ақпараттық демеушісі «Қазақстан» телерадио корпорациясы

Айтыс 19 қазан күні «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-Холл) өтеді.
Басталуы сағат 15:00-де. 
Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық кассаларда сатылады. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *