Басты бет Жазбанұсқа Айтыскер ақын Ерлан Дәулеттің жазба өлеңдері
Айтыскер ақын Ерлан Дәулеттің жазба өлеңдері

Айтыскер ақын Ерлан Дәулеттің жазба өлеңдері

 547 0

 Ерлан Дәулетұлы — 1991 жылы 8 сәуірде, Монголияның Баян-өлгей аймағының Алтай сұмынында дүние келген.
Аймақтық, Облыстық, Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері.
2017 жылы өткен Көкшетау облыстық жекпе-жек ақындар айтысында бас жүлде.
2018 жылы Зайсанда өткен Баймұрат батырға арналған айтыста жүлделі 2-орын
2019 жылы наурыз айында Атырау қаласында өткен халықаралық айтыста жүлделі 3-орын иеленген

 

Ұршық

Десеңде қарсы алдымнан
Күлші бақыт,
Шыр айналып өтуде
Ұршық уақыт.
Құстар қайтып көктемде
Қайта оралар,
Қанатынан шұғыла
Жыр шұбатып.

Қолындағы ұршықта
Жіп шираған,
Әже қайда? Сүйініп
Жұрт силаған.
Көктем көңіл көне көз
Қарт көзінде,
Күлетін күнге қарап
Жіпси далам.

Сол әжемнің қолында
Шуда болып,
Шұбатылмай шираған
Ұлдар едік.
Ал бүгін таңырқаймыз
Ұршық көрсек,
Болама деп тірлікке
Бұлда көрік.

Қарасындеп жүзіне
Сүйініп әлем,
Бесік жырмен тербетіп
Жүйрік әуен.
Қолында ұршық, жібі бос
Болмасын деп,
Ширатыпты жібіндей
Иіріп әжем.

Ұлы өмірдің ұршығы
Шыр айналып,
Былайда ауып ,түседі
Былайда ауып,
Айғақтап күнді жердің
Айналғанын,
Әжемнің ұршығыда
Жүр айналып.!

Әлде неге босамай
Тыншы көңіл,
Жұбатуға асығар
Жыршы не бір.
Ширатып ширықтырар
Шыр айналған,
Сен тынғанмен ,тынбайды
Ұршық өмір!

 

 

Туған жер

Құлағымда ат дүбірі,
Қарт батасы, ана әлдиі!
Кетпейді екен бақ қыдыры,
Кеткенімен заман күйі.

Сыңғырлаған бұлақ үні,
Жағаны ұрған, асыр сала.
Туған жердің қыр адыры,
Ыстықпа едің ? Осыншама!

Төңгірегіңде төл дауысы,
Табиғатқа жан бітіре.
Алда өмірдің көп жарысы,
Үмітіңді ,мәңгі үкіле!

Құса мұңсыз құстар үні,
Гүл көктемге табындыра.
Жеткен кездің күшті әмірі,
Ауыл куә,тауым куә!

Құлдыраңдаған құлын дауысы,
Жеткен таудан жаңғырыға.
Асығым тұр бұл күнде алшы,
Тәуба деймін тағдырыма!
Туған жер таң нұрына!

 

 

Қара шаңырақ

Қара таудан көшкенде
Қара шаңырағым,
Ұмытпауға серт берген
Алаш аруағын.
Үйі деп иемін басты
Бабамның құтты,
Сиы деп қыдыр қонған
Тамаша Алланың!

Шаңырақты қастерлеген жұртым ырымдап,
Шаттанатын жатса егер
Жылқы құлындап.
Бермес білем қалада
Түлкі ғұмыр бақ,
Байлардың иті қапты
Бұл күн ырылдап.

Туады деп таңертең кер бие шабдар ,
Айнытпастан айтатын
Әулие шалдар.
Тамырыңды соқтырған тау самалымен,
Тағылымды терең де
Тәрбиесі аңғар!

Қазақпыз тектілікті
Барлық кез елер,
Жоғалса далам құты
Нарлық тез өлер .
Жарығын жарты әлемнің
Силаған бізге,
Жаурынын жауға тосып,
Жаулықты әжелер!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *