Басты бет Айтыскер ақындар ЕСЕНҚҰЛОВ Нұрлан Келдібекұлы

ЕСЕНҚҰЛОВ Нұрлан Келдібекұлы

 521 1

нурлан

ЕСЕНҚҰЛОВ Нұрлан Келдібекұлы


1986 жылдың 11 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Шымкент қаласындағы Қ.Қазиев атындағы орта мектепті және өнер мектебін бітірген. 2008 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетін тәмәмдады.
2010 жылы облыстық «жыл ақыны» номинациясының иегері. Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде мәдени тынығу жұмысын ұйымдастырушы болып қызмет атқарған. Сарышолақ Боранбайұлының 150 жылдығына орай Ақтөбе қаласында өткізілген республикалық ақындар айтысының 1 орын жүлдегері. Қызылордада «Нұр отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық ақындар айтысының 3 орын жүлдегері. 2013 жылы Абылай ханның 300 жылдығы мен Толе бидің 350 жылдық мерейтойына арналып Шымкент қаласында өткізілген республикалық ақындар айтысының 2 орын жүлдегері.
Сазгерлік қырынан да танылып жатқан ақынның «Жар іздеп жүрмін», «Шырқа-шырқа», «Тәңірден тілек», «Қайда жүр екен», «Анама» атты әндерін әншілер қауымы орындап жүр.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *