Басты бет Жаңалықтар М.НИЯЗОВ — «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»
М.НИЯЗОВ — «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»

М.НИЯЗОВ — «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»

 252 0

       Бүгін, ресми түрде айтыскер ақын, «Алтын домбыраның» екі мәрте иегері болған Мұхтар НИЯЗОВ «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атанды.

       «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ, «Айтыскер» ақпараттық порталы ұжымының атынан Мұхтар Ниязовты шын жүректен құттықтап, денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

        Назарларыңызға ақынның 2016 жылы Алматы қаласында өткен, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» айтысында айтқан айшықты шумағын ұсынамыз:

Мұхтар НИЯЗОВ:

Алматы жұрт білетін Жерұйық бұл,
Жерұйықта ендеше желейік бір.
Сол радикал жандардың кесірінен,
Не болғанын ал, халқым көрейік бір.
«Шаш ал» — десе, бас алған көкелерім,
Танауға таяқ байлап делейіп тұр.
Барлық жерде жабылды намазхана,
Көрінгенге көздерің мөлейіп тұр.
Есесіне шылым мен темекіге,
Бөлме бар, соған енді келейік бір.
Қай жерге бас сұқсаң да қазақ қызы,
Шылым тартып сирағы серейіп тұр.
Азғындыққа арнайы бөлмені ашып,
Тазалыққа танытқан не кейіп бұл?
Шариғаттың шеңбері тарылғанда,
Шайтанның керегесі кеңейіп тұр.
Намазға тұрғандардан сондықтан да,
Нашаға отырғандар көбейіп тұр!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *