Басты бет Жазбанұсқа Қ.Бердіхан: «Ұстаздардың ақысы аз болса егер, Ұрпағыңның ақылы көп болмайды»
Қ.Бердіхан: «Ұстаздардың ақысы аз болса егер, Ұрпағыңның ақылы көп болмайды»

Қ.Бердіхан: «Ұстаздардың ақысы аз болса егер, Ұрпағыңның ақылы көп болмайды»

 301 0

       «Атақты университетте аға оқытушы болып аптасына 21 сағат сабақ беремін. Айлығым 90 мың теңге. Бір студентім кешкі бос уақытында мейрамханада даяшы болып жұмыс жасайды. Оның айлығы 120 мың теңге. Айына 120 мың табатын адам 90 мың табатын адамның ақылын тыңдай ма? Не деп ақыл айтамын? Жақсы оқысаң 30 мың теңге аз ақша табасың деп айтамын ба?!.
Мені қойшы. Қосымша табысым болған соң жүре беремін. Әйел азаматтарда шыдайтын шығар. Бірақ, мұндай жалақыға отбасы бар, бала-шағасы бар және ақылы бар ер адамның жүруі мүмкін емес. Бұлай кете беретін болса білім саласында жұмыс жасайтын еркекті емге таппайтын боламыз…» — дейді Қазірет Бердіхан өзінің фейсбук парақшасында.

      Назарларыңызға ақынның көтерген мәселесіне сай өзінің «Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын» атты республикалық ақындар айтысында айтқан шумағын ұсынамыз.

Қазірет БЕРДІХАН:

Қайрағы бар қылышта тот болмайды,

Тіл қаруым қалайша оқталмайды.

Дәл бүгін ұстаздардың мерекесі,

Қазірет оған қалай тоқталмайды?

Өйткені мен өзім де мұғаліммін,

Сондықтан жасамаймын жоқтан қайғы.

Мұғалім сәл ұрысса жазғырады,

Ал ұстазды ұрғандар сотталмайды.

Шайлығына жетпейтін айлықтары,

Олар қалай «білім» деп аттандайды?!

Ұстаздардың жағдайы жаман болса,

Ұлтымыздың басына бақ қонбайды.

Депутаттар миллионды азырқанып,

«Жалақымыз аз екен» деп  ақпарлайды.

Ал ұстаздың айлығын болашақта,

Көтереміз деп бізді қатты алдайды.

Билік жағы осыны ескерсе екен,

Әйтпесе көсегеміз көк болмайды.

Мұғалімнің жанарында мұңы болса,

Оқуышының көзінде от болмайды.

Ұстаздардың ақысы аз болса егер,

Ұрпағыңның ақылы көп болмайды.

 

aitysker.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *